«Өмір солай» атты спектакль-драммасы көрермендерге ұсынылды

Oinet.kz 25-11-2022 401

image.png

Келес ауданында «Өмір солай» атты спектакль-драмма көрермендерге ұсынылды.Әйгілі шығарманың авторы - есімі елге бұрыннан таныс жазушы, драматург, аудармашы, педагог, кинодраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының, «Жалын» жорналының Т.Айбергенов атындағы сыйлығының, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, Франц Кафка атындағы Халықаралық медалінің, ТМД Халықаралық Ассамблеясы «Мәдениет пен өнердің дамуына сіңірген еңбегі үшін» медалінің, «Сахнагер – 2019 ұлттық сыйлығының» иегері, Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры Роза Мұқанова.

 Ә.Кенжеев атындағы аудандық мәдениет үйінде болған спектакльге Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев қатысып, қазіргі қоғамда орын алып жатқан оқиғаларды қамтыған мағыналы қойылымды тамашалады. 

Театардың басты мақсаты қоғамда болып жатқан мәселелерді көрерменге сахна арқылы  жеткізіп, ұлттық дәстүр мен құндылықтарды, төл тәрбиені насихаттау. Сол секілді бүгінгі қойылымның негізгі мақсаты жолдасы қайтыс болған, балалары көңіл аудармайтын әйелдің өмірі арқылы анаға деген махаббатты өз уақытында көрсету үшін ұйымдастырдық дейді  Жангелді Мырзалиев.  

-Бүгінгі қоғамда орын алып жатқан ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, бауырлардың бір-біріне деген ізеті, құрметін қамтыған қойылымды көрермендерге ұсындық. Сырт көзге  балалары анасына қатты сөйлемейді, қарым-қатынастары жақсы секілді. Бірақ шындығында қойылымда перзенттері өмірден өткен әкесінің қабіріне тас қоймаған, тірі аналарын бағалай алмай отырған бауырларды суреттейміз. Адамзаттың бітпейтін бір өкініші бар ғой. Ол адамды, жақындарымызды көзі тірісінде бағлай алмаймыз, жақсы көре алмаймыз. Сондықтан қойылымда анасын өтірік «өлтіріп» балаларын тәубеге келтіретін сюжет жасадық. Біздер ананың өмірі, жолы қиын екенін ұмытып кетеміз. Сол себепті біздің мақсатымыз аналарға деген құрметті көрсету болды.  Қырық жылдан аса тарихы бар Келес халық теартының актерлеры өз өнерлерін барынша паш етіп, өздері сомдаған кейіпкерлердің рөлін алып шықты деп ойлаймын, - деген Келес халық театрының режиссері Жанкелді Мырзалиев алдағы уақытта көптеген қойылымдарды Келес халқына ұсынатынын жеткізді. 

Жұмысбастылық пен күйбең тіршілікті сылтау етіп, ата-ананың халін сұрауды кейінге қалдыратын сәт келген көрермен жүрегін тербете білді.

«Бүгінгі қойылым қалайша көңіліңнен шықпайды. Қойылым тамаша, актерлар беріліп ойнайды. Қазір әрбір адамның өмірі осы қойылымдағыдай. Шығармашылық ұжым қазіргі өмірдің ащысын да, тұщысын да көрсете білді. Бұл театрдың еңбегі өте орасан»,- дейді көрермен Меруерт Жұмалиева. 

«Өмір солай»   спектакль-драммасы Роза Мұқанованың  2019 жылы «FOLIANT» баспасынан жарық көрген  «Сарра» драматургиялық шығармалар жинағына енген.  Роза Мұқанова драматургиясына тән, көзге ерекше шалынатын басты-басты артықшылықтар – қоп-қою конфликт, интрига, перипетия, жинақы сюжет, талас-тартыс үстінде ашыла түсер характер, финалдың әркез тосын түйінделуі, қаһармандардың қайталанбауы, формалық ізденіс, мазмұндылық. Автор өмірдегі қилы-қилы құбылыстарды сырттай бақылап қана қоймай, оны өз дүниетанымы арқылы да өткізеді.

Әр қаламгер – eң әуелі өз халқының үнiн, oның тapиxындaғы eң өзекті деген мәceлeні қарақты көзге көpкeмдiк тұрғыдан өpнeктeй өрбіте oтыpып жeткiзуге асығады. Халық көкeйіндегісін тап басып тану – әрқай қалам иесінің aбыpoйлы міндеті. Тiптен, бұл – тек aбыpoйлы ғaнa eмec, сонымен қатар Алаш жұрты aлдындaғы пepзeнттiк бopышы. Тегінде, жазушы атаулысына тән басты ерекшелік – оның өзіндік тіл өрнегі мен сөз саптау шеберлігімен үндес келген қайталанбас қолтаңбасы. Ұлт тыныс-тіршілігі мен өмірдің былайғы көзге көріне бермес құбылыстың сырына қанық, ойындағысын адам қызығарлықтай, көңіл сүйсінерліктей етіп суреттейтін қабілет-қарымы мол, тіл, көңіл, сезім, рух байлығы жағынан алабөтен автордың шығармаларымен студент кезіммен таныспын. Роза Мұқанова аталған драмасында әдеби кейіпкерлер іс-әрекетін, ұмтылыс, құлшыныс, ниет-пиғылын, ішкі ой-толғанысын тереңінен толғай отыра, әлеуметтік ортаның қарама-қайшылығын, қарым-қатынасын, сан түрлі көзқарасы мен өмір заңдылықтарын тамыршыдай тап басады. Ол – жазғанын жариялауға асықпайтын жазушылардың сойынан. Автор уақиғаны асықтырмайды. Өйткені, шығарманың өз ағысы, өз тізбегі бар.

Аталған спектакль-драмманы Жанкелді Мырзалиевтің режисссерлігімен Келес халық театрының әртістері сомдап шықты. Жалпы бес актерден құралған театрдың қойылымы көптің көңілінен шығып, ыстық ықыласына бөленді. 

Айта кетейік, «Келес халық театры» 1978 жылы құрылған. Биылғы жыл 44 жылдық тарихы бар театрдың қойылым режиссеры – Мырзалиев Жанкелді. Спектакль әртістері – Есенқұлова Сейдана, Сұлтанова Гүлайна, Дигарова Замира, Тұржанов Бауыржан, Мырзалиев Жанкелді.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссиясының кезекті отырысы өтті
Облыста кино және анимация туындылары кеңінен насихатталуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу