Қарабұлақта тігін фабрикасы ашылды

Oinet.kz 10-08-2023 449

39.jpg 

Сайрам ауданының Қарабұлақ елді мекенінде «RaiINTEX» компаниясының тігін филиалы іске қосылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

 Кәсіпорын жылына 120 000 арнайы форма (ІІМ) тігуге қауқарлы. Жобаға жұмсалған жалпы инвестиция көлемі 80 млн. теңгені құрайды. Түркістан облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен Сайрам ауданының әкімдігінің өкілдері өндіріс орнында болып, кәсіпорынның ресми ашылуына қатысты.

Аталған инвестициялық жоба барысында 110 жаңа жұмыс орны пайда болады. Қазіргі уақытта кәсіпорын 30-дан аса маманды жұмыспен қамтамасыз етіп үлгерді. «RaiINTEX» ЖШС-і Сайрам ауданына өндірістік қуаттарын кеңейтуде үлкен әлеуетке ие. Себебі Сайрам ауданы облыс бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі бойынша көш бастап тұр. Ал өнеркәсіптік өндіріс көлемі бойынша екінші, халық саны бойынша 226,2 мың адамды құрап 1-ші орында.

Алдағы уақытта аталған компания Көлкент ауылдық округінде тағы бір тігін филиалын іске қосуды көздеп отыр. Жобаны іске қосу өңірде ішкі нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету көлемін арттыруға, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және халықтың әл-ауқатын көтеруге өз септігін тигізеді.

Айта кетейік, Түркістан облысында 150 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. Өңірде кәсіпкерлікті қолдау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда.


Түркістан облысында туберкулездің көрсеткіштері жақсарған
Арыста логистикалық орталық салынуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу