Әрбір бала жұлдыз сынды көктегі, сөнбейтұғын көңіліңнің көктемі

Oinet.kz 15-11-2022 346

XXІ ғасыр тың идеялар мен жасампаз жаңалықтың дәуірі. Оған лайық болу қазіргі жаhандану процесіндегі кез келген мемлекеттің негізгі ұстанымы. Ендеше, біздің тәуелсіз елімізде өркениетке жетелер жолдың бастауы – балабақша десек, оның жүрегі де, тірегі де педагогтар қауымы. 

Screenshot_2.jpg

«Бір жылға жоспар құрсаң - егін ек, жүз жылға жоспар құрсаң ағаш ек, ал мәңгілік мұратты көздесең – ұрпақ тәрбиеле» дегендей бала жауапкершілігі зор, салмағы ауыр міндет. Өйткені, бүгінгі жас буын ел болашағының ертеңгі кілті. 

Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылдық округі, аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Аққу» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Гаухар Қошқарованың айтуынша, «Аққу» бөбекжай-балабақшасы ел тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесі қарсаңында,  2010 жылы желтоқсан айында ашылыпты. Міне, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында аталған мекемеге биыл 12 жыл толып отыр. Алғашында бес топ болып ашылған балабақшаға 2017 жылы меңгеруші болып тағайындалған соң Гаухар Қошқарова жаңадан 4 топ қосып, қазіргі таңда балабақшада 9 топта 225 бала тәрбиеленуде.

- Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр, сырын анықтап, мүмкіншіліктерін мен қабілеттерінің дамуына жағдай жасау керек. Балабақшада балаларға үздіксіз білім беруде барлық жағдайлар жасалған. Балабақшадағы барлық топтар балалардың жас ерекшеліктеріне, жаңа заман талабына сай безендірілген. Олардың ән шырқап, би билеуіне музыка залы, денсаулығын анықтайтын медбике бөлмесі, әдіскер, психологтің жеке бөлмелері бар, - дейді ол. 

Мектепке дейінгі оқытудың барлық жастағы сатысындағы жүктемесі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын әзірлеуде техникалық талаптарда белгіленген санитарлық талаптары мен нормалары ережелерге сәйкес келеді. Базалық оқу жоспарында әрбір жас кезеңдеріне арналған оқу жүктемесінің шеңбері белгіленген. Мектепке дейінгі ұйымдардың және мектепалды даярлық топтарының базалық оқу жоспары Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының бір бөлігі ретінде білім саласы мен жас ерекшеліктері бойынша мазмұнын меңгеруге күш салады. Оқу жүктемесіне 5 білім саласы «Денсаулық», «Қатынас»,  «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» кіреді. Педагог-тәрбиешілер күнделікті оқу қызметтерін, іс-шаралар, байқаулар, сайыстарды жоғары деңгейде ұйымдастырып келеді.

 Жыл сайынғы  педагогтер мен тәрбиеленушілер арасында жоспарға сәйкес, ұйымдастырылып отыратын сайыстарда ұшқыр білімдерін, үздік қойылымдары мен жоғары деңгейде өнер көрсетіп, ұжым қызметкерлері жүлделі орындарға  ие болып келеді екен. 

- Мекеме тәрбиешілері мен бүлдіршіндері үнемі аудандық, облыстық мәдени іс-шараларға, байқаулар мен фестивальдерге қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүр. Атап айтсақ, ағымдағы жылы Кентау қалалық білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес, «Туған өлкем» тақырыбында  қашықтықтан өткізілген сурет байқауына «Ботақан» тобы қатысып, тәрбиеленушісі Ю.Назирханова жүлделі ІІ-орынды иеленді. Ы.Алтынсаринның «Әке мен бала» тақырыбында қойылған сахналық қойылымға тәрбиеші К.Абланова және тәрбиеленушісі Р.Бабирова қатысып,   жүлделі ІІ орыннан көрінді. Бұдан бөлек, балабақша бүлдіршіндері арасында ұйымдастырылған «Күз ханшайымы – 2022» байқауында ақылдылығымен дараланып, «Ботақан» тобы тәрбиеленушісі  С.Анварбекова  жүлделі  І  орынға ие болса, «Инновациялық әдістемелік орта жаңғыруға бағыттайды» тақырыбында өткізілген қысқы педагогикалық оқуында тәрбиеші К.Абланова қатысып, мадақтамамен марапатталды, - дейді Гаухар Қошқарова.

Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйым бүлдіршіндері арасында өткізілген «Айгөлек - 2022» қалалық байқауында «Ботақан» тобының тәрбиеленушісі Р.Бабирова жүлделі ІІ орынға ие болған. ҚР Тәуелсіздігінің 31 жылдығына орай, мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілері арасында онлайн форматта ұйымдастырылған «Жігіт сұлтаны - 2022»  балалар шығармашылық байқауында өзіндік өнерімен дараланған «Ботақан» тобының тәрбиеленушісі Асадбек Амиржан және тәрбиешісі Р.Мирхайдарова мақтау қағазымен марапатталса, тәрбиешілері арасында «Үздік тәрбиеші» тақырыбы аясында өткізілген қалалық байқауға У.Мамматова қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болыпты.

Қазіргі өмір ағымындағы техника мен ғылымның космостық жылдамдық пен дамуы мен өзгермелі уақыттың сұранысына жауап беру мақсатында жас ұрпақты тәрбиелеудің түрлі жолдары қарастырылып отыр. Сондықтан балабақшада білім берудің жаңа технологиясы әлемдік тәжірибеде қолданыс тауып, жоғары нәтиже берген, тың үлгілерінің бірі «Step by Step» технологиясын  өткен жылдан бастап енгізіпті.

Бүгінде балабақшада «Step by Step» технологиясын енгізудегі мақсаты әлемде ұқсастығы жоқ, ерекше әдістемені қолдану арқылы, білім берудегі адамгершілік пен демократия үрдістерін қолдау және дамыту болып табылады.  Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы  білім беретін оқу бағдарламалары балалардың өмір бойына әлеуметтік табыстылық пен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге, қажетті физикалық, тұлғалық, зияткерлік интеллектуалдық қасиеттерін дамытуға негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған. Осы орайда, «Step by Step» технологиясы баланы жеке тұлға ретінде дамыту мен бірге отбасын оқу үрдісіне тартуды қамтамасыз етеді. «Step by Step» технологиясы  аясында оқыту мен тәрбиелеу үрдісін ұйымдастырудың өзіне тән ерекшеліктері, белсенділік орталықтарында тәрбиеші, бала, ата-ана бірлесе жұмыс жасайды. Барлық педагогтар  «Step by Step» қоғамдық қорымен бірлесіп, «Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруді дамытудың моделі мен жаңартылған «Step by Step» тәсілдерін меңгеру бойынша білімдерін жетілдіріп сертификат алған. 

Сонымен қатар, ҚР білім және ғылым министрлігі педагогикалық шеберлік орталығы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталықтарында мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы әдістемелік жұмыстың ұйымдастырушылық-педагогикалық аспектілері бойынша өз білімдерін жетілдіріп отырады.

«Білім бастауын балабақшада бастап, ары қарай дамыта алған әрбір бала кемелденген Қазақстанда әрқайсысы бір тұғырда отырса, сонда біз болашақтың үлгілі, көпұлтты, мәдениеті біліміне сай алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарында көріне аламыз. Бұл әрбір қазақстандық азаматтың басты арманы. 

Кітапханадағы кеш
Аналар кеңесінің ұйымдастыруындағы байқау
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу