Аналар кеңесінің ұйымдастыруындағы байқау

Oinet.kz 15-11-2022 212

Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Сауран аудандық аналар кеңесінің және аудандық Мәдениет үйі, Жастар орталығының ұйымдастыруымен, Бабайқорған ауылдық округіне қарасты Абай ауылдық клубында Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Бұрымды қыз» байқауы өтті.

Screenshot_3.jpg

Байқаудың мақсаты – оқушыларға ұлттық төл мәдениетіміз бен өнерімізді жандандырып, салт-дәстүрді жаңғырту, әсіресе қыз балалардың өздері бейім көркемдік талғамын қалыптастыру арқылы әділеттікке, инабаттылықа, ізеттілікке тәрбиелеу, елге таныстыру.

Байқауға 6 ауылдық округтерге қарасты мектептердің 9-10 сынып оқушы қыздары қатысты. Байқауға ақылына көркі сай сән-салтанатымен дайындалып келген қыздар, яғни Шаға округінен Аяулым Маткен, Оранғай округінен Мадина Жаңабек, Майдантал округінен Қымбат Байбала, Шорнақ округінен Қарақат Жақсыбай, Үшқайық округінен Аяулым Мұханова, Бабайқорған округінен Ақгүлім Шамшиддинқызы өзара бақ сынасты.

Жиынға ұлттық киімдерімен келген комиссия мүшелері Сауран аудандық әжелер алқасының төрайымы Бексұлу Жолдасбекова, Сауран аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Нышанкүл Жұманова төрағалық етіп,  ассамблеяның ұйымдастыруындағы іс-шараның шырайын ашып, маңызын арттырды. 

Аналар кеңесінің мүшелері Жүсіпова Мастура, Досхожаева Тойдық, Ибадуллаева Гүлнар, Түкітаева Айша ханымдар, Бабайқорған ауылына қарасты Абай елді мекеніндегі Анаркүл, Райхан, Құралай, Ақмарал, Үміт ханымдар ұлттық құндылықтарымызды көрсететін байқаудың жоғары дәрежеде өтуіне жанашырлық танытып, қызығушылығы мен маңызы артып, жалғасын таба беруіне барынша атсалысты.

Байқауда гүл жайнаған қыздарымыз, қазақ қызына тән жарасымды қылықтарын, аспаздық өнерін, бойларына әже-апаларынан сіңірген ерекше қасиеттерін жоғарғы деңгейде көрсете білді. 

Сонымен, мәрелі сәт те соңына келіп жетті. Әділқазылардың шешімімен бірінші орынды Бабайқорған округінен Ақгүлім Шамшиддинқызы мен Шаға округінен Аяулым Маткен бөлісті. 2 орынды Шорнақ округінен Қарақат Жақсыбай пен Үшқайық округінен Аяулымның Мұханова қанжығасына байлады. 3 орын Оранғай округінен Мадина Жаңабек мен Майдантал округінен Қымбат Байбалаға бұйырды.

Әрбір бала жұлдыз сынды көктегі, сөнбейтұғын көңіліңнің көктемі
Мұзарт шыңның басына жетелеген шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу