Әлемдегі ең үлкен орман

Oinet.kz 01-03-2020 4845

Ормандар жершарымыздың жүрегі. Олармен ғаламшардағы барлық құбылыс  бәрі тікелей байланысты. Ең үлкен орман өзінің ауданымен, әрқилы әсем гүлдерімен және жануарларымен ерекшеленеді. Ал осы ең үлкен орман қайда орналасқан?

Ivv-C9MH5tI.jpg

Әлемдегі ең үлкен орман Ресей аумағында орналасқан – Сібір тайнасы болып саналады. Тайга ормандары Ресейдің еуропалық бөлігінен басталып, Еділ мен Финляндия шығанағынан шығысқа қарай беттеп, Орал, Алтай, Бкатыс және Шығыс Сібірдің бәрін қамтып, Қиыр шығысты және алып жатыр. Тайга зонасы елдің орман қорының 79% алып жатыр және 9 мың км-ге жайылып жатыр.  

KGVLIi5Ewns.jpg

Тайга субарктикалық және қоңыржай аймақтарда орналасқан. Күңгіртқылқанды орман шырша, балқарағай, самырсын, ал ақшылқылқанды орман балқарағай мен сабызқарағайларымен танымал. Бұл жерлерде арнайы өсімдіктер өсірілмейді, тек мүктер мен қырыққұлақтар өседі, ал ауа-райы қылқан жапырақты өсімдіктердің хош иісімен ерекшеленеді. Бұл ну орман қоңыр аюлардың негізгі тіршілік ету ортасы болып табылады. 

GXzDjmJ-9IA.jpg

Әрі бұл жер әлемдік орман алқабының шамамен 17% құрайды. Сібір тайгасы ғаламшардың бүкіл солтүстік жарты шарын оттегімен байытады. Ең үлкен ормандар - бұл біздің жер биосферасының маңызды ауа тазалағыш ортасы болып саналады.

Каспий теңізі туралы қызықты деректер
Гитлер салған суреттер 400 мың еуроға сатылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу