«Айта алмадым саған, кешір»: Әкесіне жантебірентерлік жазба арнаған Мақпал Исабекова елді жылатты

Oinet.kz 28-09-2023 5177

Танымал әнші Мақпал Исабекова әкесіне жантебірентерлік жазба арнап, көпті жылатты. Өнер иесі әкесін ақтық сапарға шығарып салғанын мәлім етті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_6.jpg

Әнші әкесінен осыдан он күн бұрын айырылған хабарлады.

“Ризамын саған, қызым” “Күнім Құдай бере салған” “Аман жүріңдер, қайда жүрсеңдер де” “Мықты бол” это последнее что я слышала от тебя папа…

Әкешім, қаншалықты орныңның бөлек екенін неге кеткеніңде ғана біліп отырмын, қайран өмір-ай. Жаныңның калай қиналғанын бір Аллаһ пен өзің ғана білетін шығарсың. Әкешім, асқар тауым, мәңгі мекеніңе қайттың. Қанша жыласақ та, өмір ағысына көніп отырмыз, амал қанша. Жаның жаннатта болсын, иманың саламат болсын, бір Аллаһ жар болсын! Сен көрмей кеткен қызықты мама көрсін, папа.

Жаным әкешім, өзіңді қалай жақсы көргенімді айта алмадым саған, кешір…», - деп жазды ол.

«Маңдайынан қан тамшылап тұр»: Жұлдыз Өмірғалиева ұлының жарақат алғанын айтты
«Бешеная матка»: Меруерт Түсіпбаева қатыгездікпен өлтірілген 4 жасар баланың өліміне қатысты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу