«Жаман ұлт болмайды, тек жаман адамдар болады» - Димаш Құдайберген
Күллі әлемге ерекше дауысымен танылған әнші Димаш Құдайберген афроамерикалық полицей Джордж Флойдтың өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
- "Жаман ұлт болмайды, тек жаман адамдар болады. Олар кез келген жерде болды. Менің афроамерикалық достарым бар, олармен жақсы қарым-қатынастамыз, олар өте талантты. Әлемде расизмсіз елестетіп көріңізші! Барлық адам тең. Ерте ме, кеш пе барлығымыз Құдайдың алдына барамыз. Бүкіл әлемде бейбітшілік болсын, мұнда біз тек қонақпыз. Расизмге жол жоқ", - деп жазды Димаш.
Посмотреть эту публикацию в Instagram