Мұхаммед пайғамбар жайлы батыс ойшылдары не дейді?

Oinet.kz 01-11-2019 2346

Screenshot_13.jpg

Пренс Отто Вон Бисмарк: 

«Мен мынаны мойындаймын; Мұхаммед – ғажап бір күш. Жаратушы мұндай кісіні екінші рет жарата қоймас.

Ей, Мұхаммед, сенің замандасың бола алмағаныма қатты өкінемін. Өзің таратқан мына кітап сенікі емес. Ол Құдайдікі. Бұл кітаптың Алладан екенін мойындамау – ғылымды түгелдей жоққа шығарғанмен бірдей күлкілі нәрсе. 

Адамзат баласы сен секілді ғажап адамды бір-ақ рет көрді, ендігәрі көре алмас. Мен сенің алдыңда құрметпен бас ием».

Томас Карлиль:  

«Саған жапқан жаламыздың бәрі шындығында біз үшін өте ұят. Ол – жаны жайсаң, тұлғасы биік, барынша байсалды жан. 

Мақсаты – дүниені жарыққа бөлеу болды. Өйткені, мұны Жаратушының өзі оған бұйырған». 

Альфонс де Ламартин: 

«Егер мақсаттың ұлылығы сайманның аздығы, нәтиженің таңғаларлығы, адам данышпандығы арқылы өлшенетін болса, жаңа кезеңде Мұхаммедпен кім теңесе алады? 

Мұхаммед – философ, шешен, елші, тапқыр. Адамның ұлылығын анықтайтын өлшемдер шеңберінде қарастырып көрейікші, одан өткен ұлы адам бар ма?»  

Майкл Харт: 

«Әлемге үлкен өзгеріс әкелген адамдардың ең алдыңғысы ретінде Мұхаммедті қоюыма кейбір оқырмандарым таңғалуы мүмкін. Алайда, тарихта рухани әрі материалды салада бірдей жетістікке жеткен адам жалғыз ғана Мұхаммед екені даусыз. 

Мұхаммедтің Исламға деген ықпалы Иса Мәсіх пен Қасиетті Павелдың Христиан дініне жасаған ықпалынан әлдеқайда басым. Мемлекет жүйесі мен дін жүйесін қатар түйістіре білуінен-ақ, оның тарихтағы ең ықпалды тұлға екенін көреміз».

дереккөз: kazislam.kz 

«Әумин» ба, «Әмин» ба қайсысы дұрыс?
Шариғат той мәселесіне не дейді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу