Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Гибралтар Ұлыбританияның теңіздің ар жағындағы аумағы болып табылады. Пиреней түбегінің оңтүстігінде орналасқан бұл шағын құрлықтың аумағы 6 шаршы км-ден сәл-ақ астам болса да, онда 33 000 халық тұрады. Әлем бойынша ең халық тығыз орналасқан елдер қатарына жатады. Әр шаршы км-ге 5 000 адамнан келеді.
XIX ғасырда заңсыз басып алған деп есептейтін Испания Ұлыбританияның қылта мен шыңнан тұратын Гибралтарға иелік ету құқығын мойындамайды. Испандықтардың есептеуінше, Ұлыбританияға қаланың тек бекітілген бөлігі ғана тиесілі болуы керек, ал қылтасын ағылшындар басып алған.
Жергілікті аэропорттың ұшу алабы Испанияға апаратын автокөлік трассасымен қиылысады. Сондықтан ұшақтың ұшу және қону кезінде трассаны екі бағыттан да тоспамен (шлагбауммен) жабылып, жол қозғалысы уақытша тоқтатылады.
Жергілікті халық янито тілінде сөйлейді. Бұл тіл ағылшын тілі мен испан тілінің, аздаған итальян, араб, иврит тілдерінің қоспасы ретінде есептеледі. Сонымен қатар гибралтарлықтардың басым көпшілігі ағылшын және испан тілдерінде еркін сөйлейді.
Гибралтардың ең басты көрнекіліктерінің бірі – варварий маймылдары (маготтар). Гибралтардың жабайы табиғатында олар көптеп тіршілік етеді. Сонымен қатар Гибралтар жалғыз магот жойылғанға дейін Ұлыбритания иелігінде болады деген сенім бар. 1855 жылдан бері бұл жануарлар Ұлыбританияның әскери-теңіз флотының қорғауында. Маготтар тіпті Гибралтардың 5 пенстік монетасында да бейнеленген.
Ал туристтер үшін бұл маймылдар қауіп төндіруі де ғажап емес. Себебі олар телефон, дүрбі немесе фотоаппаратты алып қоюы да мүмкін. Ал ең агрессивті моготтар ұстағысы келгендерді тістеп алуы да мүмкін.
Автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы барлығы 29 километр ғана. Сонымен қатар, Ұлыбританиядан айырмашылығы – ондағы жол қозғалысы оң жақты. Ал телефон күркелері дәл Англиядағы секілді.
Гибралтарда метро, трамвай немесе темір жолдар жоқ. Тар табанды темір жол болғанымен, ол тек әскери қажеттіліктер үшін ғана қолданылады.
Мұнда түрлі ұлт өкілдері өмір сүреді, сондықтан да жергілікті асхана өзіне Италия, Англия, Испания, тіпті Үндістан мен Қытай секілді көптеген елдердің дәстүрін жинақтаған. Гибралтардың өзінің ауыл шаруашылығы болмағандықтан, барлық азық түлікті өзге елдерден әкеледі.
Ағылшын ықпалы көп болғандықтан Гибралтарда футбол өте танымал. Өздерінің жеке құрамасы да бар. Жергілікті матчтарды бар болғаны 5 000 көрермен ғана сиятын «Виктория» стадионында өткізеді. Бірақ бұл кішкентай Гибралтар үшін жеткілікті.