Нобель сыйлығы қалай пайда болды?

Oinet.kz 11-07-2019 1331

nobel700.jpg

Нобель сыйлығы – швед өнертапқышы, кәсіпкер, ғалым Альфред Нобельдің ойлап тапқан ең беделді сый. Ғалым өз мал-мүлкін, бүкіл дүниесін тігіп фонд құрады. Фондтың мақсаты фондтағы қаражатпен ғылымға жаңалық енгізген әдебиетші, қоғам қайраткерлері мен біртуар зиялылардың еңбектерін бағалау.

Альфред Нобель (1833-1896) өмірін ғылымға арнаған өнертапқыш Эммуанил Нобельдің отбасында дүниеге келген. Әкесінің лабороториялық зерттеу жүргізіп жүрген кездеріне еліктеп өскен небәрі 17 жасында ғылымға етене араласып кетеді. Ешқандай жоғары оқу орнын бітірмесе де ғалым өзін химик ретінде ерекше қабілетті екенін дәлелдеген. Өмірінің соңына қарай Альфред әртүрлі өнертабысқа бағытталған 355-ке жуық патенттің иегері атанды.

Нобель сыйлығы Норвегияда табысталған. Себебі, өзінің өсиетінде ғалым жүлденің нақ осы жерде, Осло қаласында табысталғанын қалаған. Алайда, бұл шешіміне ешқандай ашық түсініктеме бермеген.

1905 жылы австриялық баронесса Берта Фон Суттнер өзінің Австралия мен Германия елдеріндегі қозғалыстарында ерекше қызмет көрсеткені үшін Нобель сыйлығының алғашқы иегері атанды.

Қызықты.

Нобель сыйлығын алу ғылымның әр саласындағы өнертапқыштар мен зерттеушілер үшін өте маңызды. Алайда, бір қызығы мұндай сыйлық математика ғылым саласындағыларға арналмаған. Әрине, бұл мәселе жөнінде елдердің арасында қанша қауөсет бар. Соның ең көп айтылатыны, Нобельдің әйелі күйеуінен математика ғылым саласында жұмыс жасайтын бөгде бірімен қашты дейтіндер. Алайда, Альфредтің ешқашан отбасын құрмағанын ескерсек, бұл әңгіменің негізсіз екенін білу қажет. Анықтама. Нобельдің өсиеті бойынша, сыйлық қоғамға пайдасын алып келген кісілерге ғана беріледі. Ал, математикаға келсек, ол тек абстрактылы сала болып есептеледі.


Адам жанын неліктен шыбынға теңейді?
Құстар ағаштарды зиянкестерден қорғайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу