Эпидемия жайлы қызықты 10 фильм
Қазіргі таңда бүкіл әлем жұртын коронавирус алаңдатқызып отыр. Осы кезде эпидемияның қаншалықты қауіпті екенін кино арқылы білсе болады. Ендеше, біз сіздердің назарларыңызға әлемдегі эпидемия жайлы фильмдерді ұсынамыз.
«Носители»
Еркіндікті жойған қорқынышты вирус адамдар өмірін жайпап келе жатты. Тек жеке адам ғана тірі қалды. Фильмнің басты кейіпкері инфекцияның ошағынан жырақта еді. Вирус басталғанна олар үнемі қозғалыста болып инфекциядан ұзақтап жүрді. Алайда бүкіл әлемге инфекция тарап жатқанда не істей алады? Неден үміттенеді? Қайда қашады?
«Заражение»
Митч есімді амерімикалық әйел Гонконгтан ауру белгісімен оралады. Әуелгіде бұл жәй тұмау болғанымен, уақыт өте асқына түседі. Әйел өледі, соңынан баласы да қайтыс болды. Сөйтіп бұл ХІХ ғасырдағы әлемдік эпидемияға ұласады.
«Эпидемия»
2013 жылы Жер бетін жұмбақ эпидемия жаулайды. Барша коммуникациялар қатып, фабрикалар мен зауыттар жұмысы тоқтап, экономика құлдырай түсті. Планета халқы аяқасты қорқынышты агорофобияға – ашық кеңістіктен қорқа бастады. Адамдар үйлеріне, жертөлеге, тіпті канализацияларға тығыла бастады. Көшеге шығудан қорықты.
«Инфекция»
Ауруханада адам шожырлық қорқыныш. Түнгі кезекке қабылдау бөліміне қатты ауырған науқас түседі. Дәрігерлердің немқұрайлығы қайғылы салдарға алып келеді, ал соңынан қызметкерлерде оғаш белгілер пайда бола бастайды.
«Поез в Пусан»
Сеул көшелерін жұмбақ вирус жайпай бастайды, адамдар наңыз жауыздыққа бет алып, көшелердің бәрін талқандайды. Билік ештене істей алмағасын бәрі жоққа шығарады. Сеулден Пусанға жөрдек пойыз жүретін болады. Пойыз жолаушылары елдегі зорлық-зомбылық пен төтенше жағдай жайлы вагондағы теледидар арқылы естиді. Бірақ бұған сенуге бола ма?
«Одичавшие»
Демалыс күндері орманға барған алты медициналық студент тіршілік иесіне шабуыл жасайды. Олардың біреуі «қауіпті аурумен» жұқтырып алады. Құтырған қанды тіршілік иелеріне айналып, жоспарлаған демалыс қайғыға айналады.
«Слепота»
Бұл эпидемия жас жапондықтың көр болып қалуынан басталады. Көп ұзамай және соқыр болған адамдар көбейе түседі, оларды үкімет оқшакланған жерде сақтайды. Джулианна Мур күйеуінен айырылмау үшін соқыр кейіпке енеді. Сырттағы ауру эпидемиялық сипатқа ие болып, соқыр адамдар көбейе түседі. Алд «оқшаулағыш» хаос пен анархияға ұласады.
«Лихорадка»
Бұл фильмде орманға демалуға келген бір топ жасөспірімдер жайлы. Ормандағы болып жатқан қорқынышты вирус жайлы білмеген олар. Енді не болмақ?
«Пациент Зеро»
Бүкіл әлемге жұқпалы вирус тарайды. Нәтижесінде барша адамдар қанышер және жауыз ақылсыздарға, былайша айтқанда «жұқтырушыға» айналады. Өркендеу дәуірі хаосқа айналып, адамгершілік жойылады.
«Явление»
Үнді режиссері М.Найта Шьямаланың фильмінде АҚШ-тың солтүстік шығысында пайда болған вирус адамдардың өз өмірін құртуға мәжбүр етеді. Демек, бұл вирус барша әлемге жайыла ма?