Жатыр мойыны обырының алдын алу шаралары
Жатыр мойны обыры - гинекологта үнемі тексерілсе, алдын алуға болатын онкологиялық аурудың жалғыз түрі болып табылады. 30-дан 70 жасқа дейінгі барлық әйелдер кез келген уақытта өз емханаларында жатыр мойны обырына тегін скрининг өткізе алады. Арнайы тексеру кабинеттерінде әйелдерде онкоцитологияға жағынды (пап-тест) алады. Егер жағынды қалыпты болса, әйел төрт жылдан кейін келесі скринингтен өтуіне болады. Егер жағындының нәтижелері қанағаттанарлықсыз болса, әйел одан әрі онкогинекологқа және басқа мамандарға тексерілуге жіберіледі. Қазақстан - халық үшін тегін скрининг жүргізілетін ТМД-дағы жалғыз ел болып табылады.
Жатыр мойны обыры - бұл жатыр мойны эпителиясында пайда болатын қатерлі ісік. Қазіргі уақытта адам папилломасы вирусы (АПВ) мен жатыр мойны обырының даму тәуекелі арасындағы байланыс дәлелденген деп саналады. Жатыр мойны обырының алдын алудың негізгі шарасы тұрақты скрининг, сондай-ақ АПВ вакциналаудан өту болып табылады. Жыныстық өмір басталғанға дейін вакцина қабылдап отыру керек. Қазақстанда адам папилломасы вирусынан қыздарға тегін вакцина егуді енгізу жоспарлануда. Алайда екпе барлық адамдар үшін міндетті болмайды, тек ата-анасының ерікті келісімімен жасалады. ДДҰ 9-13 жастағы жасөспірімдерге 6-12 ай аралықпен екі рет (бір дозадан) АПВ вакцинация жүргізуді ұсынады. Қазіргі уақытта 86 ел папиллома вирусына қарсы ұлттық иммундау бағдарламасына вакцинация енгізді. Осы елдердің ішінде АҚШ, Канада, Австралия, Бразилия, Венесуэла, Ұлыбритания және басқа да Еуроодақ елдері бар.
Бұл індеттің пайда болуына әртүрлі факторлар себеп болады. Олар: дұрыс тамақтанбау; салауатты өмір салтын ұстанбау; ішімдікке, темекге үйір болу. Одан бөлек қазірде әйелдерде адамның попиллома вирусы салдарынан жатыр мойнының ісігі пайда болатын белгілі болды. Сол себепті әйелдердің барлығы әрқашанда профилактикалық тексерулерден өтіп отыруға тиіс.
Жатыр мойны обырының алдын алу - бұл бірнеше шарадан тұратын тұтас кешен, бірінші кезекте 9-14 жастағы қыз балалар мен ұлдарды АПВ қарсы вакцинациялау. Бұл ең тиімді нұсқа, бірақ әйелдерде вакцинация 45 жасқа дейін жүргізілуі мүмкін. Вакцина тіпті қатерлі ісік түрлері анықталған жағдайларда да тиімді. Әйелдер қауымы арнайы скринингтен жылына 3 рет өтіп отыруға тиіс. Әрине, алдын алу үшін темекі шегуден бас тарту да, денсаулық жағдайын жалпы қолдау да маңызды.