Үшем туып, көпбалалы ана атанды

Oinet.kz 03-07-2026

ушем.jpg

Түркістан облысының тұрғындары тағы үшеммен толықты. Ордабасы ауданының Көктөбе елді мекенінің тұрғыны, 28 жастағы Жанар Анарқұл өмірге үшем әкеліп, көпбалалы ана атанды.

Жас ана жүктіліктің 34 аптасында уақытынан бұрын босанып, Алматы облысындағы перзентханада жоспарлы кесарь тілігі арқылы үш қыз баланы дүниеге әкелді. Нәрестелердің туған кездегі салмақтары 1650 грамм, 1600 грамм және 1780 грамм болған. Шексіз қуанышқа кенелген отбасы сәбилеріне Даяна, Диана және Дария деген есім берген.

Қуанышты оқиғаға орай жас ананы Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасының басшысы Райымбек Тасырбаев арнайы құттықтап, ақжарма тілегін жеткізіп, сый-сияпаттарын табыстады.

Ана мен сәбилердің денсаулығы жақсы. Үшемдердің өмір жолы жарқын, болашағы баянды болсын!


Күрделі ота жасап, шақалақты құтқарды
Жүктілік дайындық пен жауапкершілікті талап етеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу