Қан тобы қандай жағдайда өзгереді?

Oinet.kz 31-07-2019 944

    hqdefault.jpg

Суретте Деми Ли-Бреннан

  Адам ағзасында өзгермейтін дүниелер көп. Мәселен қан тобы, саусақ ізі, ерін мен тіс табы. Алайда өмірдің өзі бұл заңдылыққа кейде бағынбайды екен.  9 жастағы австралиялық  Деми Ли-Бреннанның бауыры істен шыққасын  дәрігерлер трансплантация жасайды. Сәтті жасалған отадан кейін қыздың анализ талдамалары  жұрттың жағасын ұстатты. Себебі оның қан тобы өзгеріп шыға келді.   Яғни терістен оңға айналып кеткен. Әдетте  бөтен ағза жаңа денеге үйренісе алмай жатады. Ал Демиге салынған бауыр қыздың қанын «сыртқа теуіп өзінікін ендіріп алған».  Мұндай жағдайда оқиға өліммен аяқталып жатады. Ал кішкентай пациент  денсаулығына қатысты әлі күнге дейін ешқандай шағым айтпапты. 


Егер ғаламшарда оттегі жоғалып кетсе не болады?
Бүйрек үшін ең қауіпті тағам не?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу