Ана сүті құрамы және оның қасиеттері
Ана сүтінің құрамында – сулар, ақуыздар, дәрумендер, майлар, көмірсулар және минералды заттардан құралады.
Көмірсулар сүт бөлігінің жеті пайызын құрайды. Бұл -лактоза, фруктоза, глактоза және олиго қант жүйелерінен тұрады. Баланың дамуына лактозаның маңызы зор. Кальций мен темірдің сіңірілуі, жүйке жүйесіне қажетті заттар түзеді. Ішектегі микрофлораның дамуына үлесін қосады. Ана сүтінде көмірсулармен қатар лактаза ферменті бар. Лактаза ферменті майға бай. Ұзақ уақыт еметін, түнде еметін сәбилер бұл ферментті көбірек алады.
Май ана сүтіндегі майдың мөлшері төрт пайызды құрайды. Бұл сәбидің күнделікке қажетті энергиясына жеткілікті мөлшерін құрайды. Майлар ана сүтінде микроскопиялық түйіршіктер ретінде болады. Олар оңай қорытылады. Баланынң миының дамуына ықпал етеді. Сүттің құрамының негізгі компонентері майлар болып табылады. Олар баланы емізіп отырған кезде өзгеріп отырады. Емізудің соңына қарай қоюланады, мөлшері көбейеді. Бала өздігінен емуін доғарады. Осы уақытқа дейін емізудің маңызы зор, өйткені сүттің құнары артады.
Су – сүттің құрамының сексен жеті пайызын құрайды. Алғашқы емізу кезінде балаға тез сіңімді, сондықтан алты айға дейін балаға қосымша су беруді қажет етпейді.
Ақуыздар ең аз бөлігін құрайды, шамамен бір пайыз ғана. Баланың жүйке жүйесінің өсіп, дамуын қамтамасыз етеді. Жаңа туылған сәби мен бір жасар сәбидің ақуыздың қажеттілігі әртүрлі. Ана сүті бала өскен сайын ақуыздардың мөлшері бұдан да азайып отырады. Өйткені бір жасар балаға ақуыздың көп мөлшерін қажет етпейді.
Дәрумендер мен минералды заттар ең аз мөлшерін құрағанымен, баланың ағзасына пайдасы өте зор. Ана сүтінің бір пайызын дәрумендер мен минералды заттардан құралады. Бұл дәрумендер баланың зат алмасу процесін реттейді. Ана сүтінде балаға қажетті барлық дәрумендер мен минералды заттар болады. Кальций, фосфор, фосфаттар және 15 түрлі гормандар бар.
Ана сүтін ешқандай лабораториялық жолмен жасау мүмкін емес. Тек ана сүті ғана, балаға сүтті қолайлы температурада, стерильді түрде жеткізеді. Бұл сүттің жақсы қорытылуына, сіңімді болуына септігін тигізеді.
Ана сүтінің балаға маңызы. Ана сүті балаға арналған ең жақсы тағам. Ол баланы ауру сырқаттардан сақтап қана коймайды. Баланың иммундік жүйесін арттырады. Ана сүтімен өскен бала анемия, рахит, өкпенің қабынуы, дисбактериоз сияқты аурулармен ауырмайды. Әртүрлі инфекциялық ауруларға сирек шалдығады. Мерзімінен ерте туған сәби тез ет алып, салмақ қосады.
Сүттің құрамы баланың өсуіне, қажеттілігіне қарай үнемі өзгеріп отырады!!!