Туабітті мерезден сақтаныңыз!
Мерез – жыныстық жолмен тарайтын инфекциялық ауру. Әлем дәрігерлері бүгінге дейін мерез ауруының 20 түрін анықтады. Көп тарап отырғаны – соз, трихаманоз, хламидия атты ағайындас инфекциялар. Дерт көбіне жыныс жолы ар¬қылы берілетіндіктен алдын алуға дәрі-дәрмек жоқ. Кейде сырттан қарағанда сап-сау болып көрінетін адам ауру қоздырғыш немесе вирус тасмалдаушы болуы бек мүмкін. Мәселен, мерезге шал¬дық-қан кі¬сімен сүйіскенде, бір ыдыс-аяқ¬пен ас-су ішкенде, шы¬лымының қалдығын тартқанда, еріндегі бояу арқылы да жұғуы мүмкін. Мерез адамнан адамға қан арқылы, ал балаға ауруға шалдыққан ананың сүті арқылы жұғады. Бірақ, жұғудың негізгі жолы жыныстық қатынас арқылы беріледі.
Нәрестедегі туабітті мерездің клиникалық белгілері бірден білінеді. Ол әдетте өмірге бейімсіз болып туады. Көбі туа салып бір-екі сағатта немее бір-екі күннен соң шетінеп кетеді. Туабітті мерезді жаңа туған нәресте «қарт адам» сияқты көрінеді. Терісі қыртыстанып, әжім-әжім болып, салбырап, сарғыш тартып тұрады. Басы үлкен, терісі қабыршықтанып, тамырлары белдеуленіп анық көрінеді. Нәресте салмағын аз қосады, нашар өседі, емшек еме алмайды, өте жылауық, мазасыз болады.
Мерез ауруы үш кезеңнен тұ¬ра¬ды. Бірінші кезеңінде адамның жыныс мүшесінде 15 күн ішін¬де жыныс үрпегінде, дорбасында, жатыр мойнында, сирек жағдайда қынап қабырғасында әртүрлі жа¬ра¬лар пайда болады. Бұл жара¬лардың басқа жаралардан айыр¬машылығы, шикі ет тәрізді беті теп-тегіс, жылтыр көрінеді, ұста¬ғанда ауырмайды. Енді 1-1,5 айдан кейін мерездің екінші кезеңі басталады. Бұл кезде инфек¬ция бүкіл денесіне тарайды.
Екін¬ші кезеңнің екі түрі болады. Ол ме¬рездің екінші жаңа түрі деп атала¬ды. Бұрынғы мерездің бірінші кезеңінде қалған жаралардың ізі жыныс мүшелерінде, аузын¬да, тілінде, таңдайында, ер¬нінде, ал қарнының терісінде қы¬зар¬ған іздер және жаралар болады. Шат, шынтақ, қолтық лимфалық бездері ісіп, жаңғақ көлеміне дейін үлкейеді, алақан және табандарында мерездік жаралар пайда болады. Шаш, қас түсе бастайды. Бұл кезеңдер өте жұқпалы болады. Жыныстық қатынастан бөлек үйдегі күнделікті пай¬даланатын заттар арқылы (тарақ, тіс щеткасы, сүлгі, моншалық зат¬тар) арқылы айналасына тарап, жұғады. Мерездің үшінші түрі – ме¬рездік гумма. Жара дөңгелек, қатты болып келеді. Гуммозды түрінде зақымданған мүшеде төмпешіктер іріңдейді кейіннен тыртық қалдырады.
Үш¬ін¬ші кезеңде ауру асқынып, мидың мерезіне әкеледі. Науқас дер ке¬зінде емделмесе, аурудың мұрны ойылып, пұшық болып қалуы да мүмкін. Аурудың көзі көрмей, құлағы естімей қалуы да ықтимал. Ауру миына, бауырына өтіп, соңы өлімге апарады. Мұндай жағдайға жетпей емдел¬ген дұрыс.
Мерез жазылатын ауру, егер сіз уақытында қаралсаңыз, өз денсаулығыңыз бен тағдырыңызды ойласаңыз дерттен құлан таза жазыласыз. Мерезді толық жазуға бүгінгі медицина қауқарлы.
Туабітті мерезді болдырмас дүниеге дені сау ұрпақ әкелу мақсатында бірінші кезекте дер кезінде жүкті әйелді мерезден тексеру міндетті. Анықталған жағдайда емдеу қажет. Сол себепті жүкті әйелдерді босанғанға дейін үш рет дәрігер тексеруінен өтуі тиіс. Бұл туабітті мерездің алдын алуға көп көмектеседі. Бұл аурудың алдын алудың басты амалы – төсек жұбын ауыстырмау. Егер кездейсоқ төсек қатынасы болған жағдайда облыстық тері-венерология диспансеріне келіп, дерматовенеролог дәрігерге қаралып, мерезге, басқа да жыныстық жолдармен тарайтын жұқпалы ауруларға тексеріліңіз. Ең бастысы кездейсоқ жыныстық қарым-қатынастан аулақ болыңыз. Жеке бастың гигиенасын сақтаңыз.
М.ЛАУЛАНБЕКОВ,
Түркістан облыстық тері-венерология диспансерінің дерматовенерологы