Баланың бөлмесіне компьютер қоймаңыз...

Oinet.kz 26-05-2020 993

Қазіргі кезде әр үйде компьютер бар. Балалардың басым бөлігі уақытын осы компьютермен өткізгенді ұнатады. Мамандар компьютерде ұзақ уақыт отыру, компьютерлік ойындарды ойнау адам денсаулығына өте зиян екенін айтады.

Компьютер: добро или зло?

Компьютердің зияны туралы ондағы алуан түрлі ойындар жеткіншек балалар мен бүлдіршіндердің денсаулығына, жүйке жүйесіне зақым келтіретіні ғылыми негізде дәлелденген. Компьютер балалардың ойлау және сөйлеу қабілетін нашарлатады. Компьютер жасөспірімдерді зорлық-зомбылыққа үйретеді.

Компьютердің алдында шамадан тыс көп отыру төмендегідей зиян шектіреді:

- Отырғанда денені дұрыс ұстамау омыртқа мен мойынға күш түсіреді;

- Ұзақ әрі үзіліссіз отыру көздің көру қабілетін нашарлатады;

- Интернетте көп отыру бас ауруы мен биоритмнің бұзылуына алып келіп соғады;

- Бұған қоса мінезі күрт өзгереді, айналасына немқұрайлы қарауды әдетке айналдырады. Басқа ойындарға, ақыл-ойды дамытатын қызықты тақырыптарға талпынысы болмайды. Баланың көңіл-күйіне де әсер етеді, яғни көңілді, сергек жүргеннен гөрі көбінесе ашулы, күш көрсетуге бейім тұрады. Сонымен бірге балада тек өзіне ғана тән «жабық әлем» қалыптасады. Тіпті, бұған дейін достасып жүрген жолдастарын жоғалтады.

Ғаламтор жеткіншектер үшін реферат, музыка мен фильмдер, суреттер, ойындар көшіріп алу, бір-бірімен хат жазысу үшін қажет. Олар өздерін мазалаған сұраққа да ғаламтордан жауап іздейді. Интернетке жүгініп, үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу баланың айналасындағы адамдармен бетпе-бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады. Компьютер мониторы мен өзіңіздің арақашықтығыңыз кемінде 50-70  см болуы керек. Мектеп жасына дейінгі мекемелерде компьютерді пайдаланғандағы сабақтың ұзақтығы 5 жастағы балалар үшін 10 минуттан аспауы керек. Бүлдіршіндер мен жасөспірімдерге ескі компьютерлерді пайдалануға болмайды. Мектеп жасына дейінгі мекемелерде компьютерлік ойын сабақтарын жетісіне үш реттен жиі өткізуге болмайды. Оның өзін сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері балалар жұмысты жақсы атқаратын күндерде өткізу керек.

Ойын залдарын, интернет кафелерін, компьютерлік клубтарды қоғамдық ғимараттардың кез келген қабатында орналастыруға болады. Дыбысты азайтатын шаралар жасалынып, зиянды ауаны желдеткіш жүйесін қарастырулары қажет. Бұларды жертөледе орналастыруға болмайды. Әр компьютерге бір орын үшін қатарлай орналасқанда – 6м2, жағалай орналасқанда әрбір компьютерге 4м2 алаң қарастырылуы керек. Бөлменің биіктігі 2,5 метрден кем болмауы керек. Компьютер тұрған бөлменің ауасы жиі тазартып, столды терезенің жанына қою керек, өйткені жарық сол жақтан түседі. Компьютермен жұмыс үшін жақсы жарық жайылған тікелей емес жарық, яғни экранға шағылыспауы керек. Міндетті түрде үзіліс қажет. Көз және дене жаттығуларын орындағаны дұрыс.

Компьютерден оқуға тиісті құжаттарды принтерден басып шығарып алып оқытқан абзал. Мұның көздің саулығына үлкен пайдасы тиеді. Сонымен қорыта келсек, баланың ұйықтайтын бөлмесінде теледидар және компьютер болмағаны дұрыс. Ата-ана балаларына комьютердің зияны туралы үнемі ескертіп отыруы қажет. Өз балаларыңыздың денсаулығын сақтау үшін компьютер мен планшеттік ойындарды ойнауға шектеу қойған дұрыс.

Алғашқы көмекті әркім білуі тиіс
Бесплатная вакцинация против кори
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу