Әр жаста қалыпты қан қысымы қандай болу керек?

Oinet.kz 10-01-2020 1456

Screenshot_26.jpg

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, терапевтің алдына келген қаралушылардың 70-80 пайызы қан қысымының жиі жоғарылайтынына шағым айтады екен. Әдетте жасы келген қариялардың қан қысымы тұрақсыз болып келеді. Алайда бүгінде елу, қырық, тіпті отыздан асқан адамдардың «давлениесі» бар. Зерттеуші мамандар мұны пациенттің көңіл-күйімен байланыстырып отыр. Расында да қазір адамдардың көбісі ашушаң, уайымшыл, күйгелек. Үнемі күйзелісте жүру қан қысымының жоғарылауына әкеліп соғады.

Қан қысымы – қан тамырларының (күре тамырлар мен көктамырлардың) қабырғаларына түсетін күш.  Қан қысымы адамның жасы мен денсаулығына байланысты болады. Ол қантамырларда бірдей болмайды. Қан қысымы артерияларда, әсіресе, қолқада барынша жоғары болады. Қан жүректен алыстаған сайын қысым да азаяды. Тамыр соққан сайын жүрек бір рет жиырылады. Жүректің бір минута жиырылу мөлшері, тамырдың соғуын санау арқылы анықталады. Қан қысымы адамның жасына сай өзгеріп отырады. Медицина бойынша қалыпты қан қысым мөлшерлері төмендегідей болуы керек: 

16-20 жас аралығында жоғарысы – 100-120, төмені – 70-80;

20-40 жас аралығында жоғарысы – 120-130, төмені – 70-80;

40-60 жас аралығында жоғарысы – 140, төмені – 90;

60 жастан асқандарда жоғарысы – 150, төмені – 90. 

Қайта қайнаған су қауіпті
Бір долларға сатылған инсулин
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу