Сансевиерия (ененің тілі) гүлінің күтімі
Үй жағдайына көнбіс Сансевиерия атауымен аталатын әдемі гүлдің күтімі жайлы айтамыз. Бұл ерекше гүл халық арасында «ененің тілі» немесе «жыланның тілі» деген атаулармен де кең танылған.
Бұл гүлдің Сансевиерия деп аталуы Раймондо ди Сангро (1710-1771) және Сан-Северо князянің құрметіне берілген. Оның 50-ге тарта түрі бар. Гүлдің негізгі отаны – Азия және Африкадағы Конго өзенінің жағасы. Ал Еуропада ХVIII ғасырдан бері өсіріледі.
Сансевиерия тамырдан тіке өсетін, ұзын тікенді жапырақтары бар, мәңгі жасыл болып өсетін гүл.
Қою жасыл түсті жапырақтарына жарқын түсті жолақтары түріне қарай болады. Жапырағының ұзындығы 1 метрге дейін жетеді. Сансевиерияны үйге ерекше әсемдік беру мақсатында да қолданады. Гүлді көбіне көгалданған пәтерлер мен кеңселерге қояды.
Жарықтың жеткілікті мөлшерде жеткенде «ененің тілі» бөлме жағдайында гүлдей береді. Ерекше гүлі көктемнің жайма шуақ күндерінде жапырақтарында пайда болады. Гүлдері кішкентай ақ, ванилдің иісін еске салатын жағымды хош иіс шығарады. Бірақ гүлдеген соң оған қайта жапырақ шықпайды.
Сансевиерия гүлі ауадағы барша зиянды бактерияларды өзіңе тартып, тазалайды. Әрі адамдардың иммунитетін арттыратын қасиетке ие. Бұл гүлді негізінен балалар бөлмесіне қойған жөн. Алайда ескеретін жәйт, сансевиерияның кейбір түрлері өзінен адамға зиянды шырынды бөліп шығарады. Ал бұл адамды тітіркендіріп, басы айналып, құсқысы келеді. Сондықтан балалар әлі кішкентай болса олардың қолы жетпейтін жерге қойған дұрыс. Және бұл гүлді жатын бөлмеге қоюға болмайды. Себебі, ерлі-зайыптылардың арасына ұрыс салуы мүмкін.
Сансевиерия гүлінің күтімі
Бұл гүлдің жағдайын жасау қиын емес, көнбес гүл. Құрғақ топырақта да өсе береді. Аса бір ерекше күтімі жоқ. Гүл өсіруді енді бастап жатқан адамдарға арналған десекте болады. Бірақ ескеретін жәйт, гүлді бір жерден екінші жерге ауыстыруға болмайды. Ондай кезде өте абай болу керек.
Жарықтандыру
Гүлдің өсуінде жарық басты рөл ойнамайды, қараңғыда да, жарықта да бірқалыпты өсе береді. Гүлдің түрлі-түсті түрі көлеңкеде өзінің жарқын түсін жоғалтуы мүмкін. Жазда сансевиерия гүлін сыртқа шығарып қойса болады, тек жаңбырдың тиюінен сақтау қажет.
Температура
Бұл гүл температураға аса бір мұқтаж емес. Жаздың күні 18-25 градус, ал қыста 14-16 градус болса жетерлік. Бірақ, 10 градустан төмен болмаған жөн. Төменгі температурада гүлдің өсуі баяулап, тіпті өліп қалуы да мүмкін.
Ауа ылғалдылығы
Сасевиерия пәтердегі құрғақ ауада да өмір сүруге шыдайды. Жапырағындағы шаңдарды жылы сумен сүртіп тұрған дұрыс.
Суару
Суару бірқалыпты болған дұрыс. Топырағы құрғаған соң жазда аптасына 1 рет, ал қыста айына 1 рет суару жетерлік. Тек суару кезінде суды өзегіне құюдан абай болыңыз, өйткені гүл шіріп кетуі мүмкін.
Тыңайтқыш
Жазда айына 1 рет кактусқа арналған тыңайтқыштың жарты дозасы беріледі.
Қайта отырғызу
Сасевиерия гүлі үшін аса биік емес, кең құмыра қажет. Өйткені, оның тамыры ені бойынша өседі. Тамырлары бетіне шыға бастаған кезде барып оны басқа ыдысқа көшіру қажет.
БІЛУ МАҢЫЗДЫ
Өзге ыдысқа отырғызатын кезде үстіңгі жағы мен түбің шатастырып алмау қажет. Түпкі жағын үстіңе қаратын отырғызуға болмайды. Ондай кезде біз гүлімізден айырылып қаламыз.