Бала тәрбиесіне қатысты пайдалы кеңестер

Oinet.kz 29-03-2020 1221

Адам өмірінде бала тәрбиесінің алар орыны ерекше. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дейді қазақ. Балаға кішкентайынан дұрыс тәрбие беру — өте маңызды және әр ата-ананың парызы. Өкініштісі, қазіргі кезде кей ата-аналарымыз оған мән бермей жатады. Кішкентай күнінде тәрбиеден тыс қалып, кейін опық жеп жүреді.

1464780912_l.jpg

1. Сіздің балаңыз сіздің көңіл күйіңізге жауапты емес. Егер күйзелісте жүрсеңіз, ашуға тез булықсаңыз, бұныңыз мүлде дұрыс емес. Баланы тәрбиелеу кезінде дауыс көтермеген әлдеқайда тиімді, жүзіңіз мейірім төгіп тұрсын, балаңызға байсалдылық пен махаббатыңызды үлгі етіңіз.

2. Баланың әрекетіне өзіңіздің жауабыңызды өзгерту үшін ең алдымен өз тәртібіңіз бен тәрбиеңізді түзеңіз.

3. Тәрбие ісінде жақпайтын дүниелерді көруіңізге өзіңіздің қандай әрекетіңіз себепші болғанына назар салыңыз.

4. Алдымен рухани жетілуіңізге мән беріңіз. Баланы бейбіт, қарапайым тәсілдермен тәрбиелеу үшін өзіңіз де дұрыс тамақтанып, жаттығу жасап, медитация жасап, оңашалануды біліп, өзіңіздің көңіл күйіңізді үнемі бір қалыпты ұстауға жеткізетін әрекеттерге ден қойыңыз. Баланың алдында әрдайым салмақты, сенімді болуыңыз қажет.

5. Баланың әр қылығына ашу мен күйгелектікпен жауап бермес үшін олардан арылу керек. Ол үшін бәрін асықпай жасауды үйреніңіз. Асыққан сайын соғұрлым өзіңізді күйзелтесіз.

6. Бала сіздің талапты баяу қабылдайды, не мүлде қабылдамай тастайды. Ұрыса берсеңіз, тек кері әсерге тап боласыз.

7. Салмақты балалар үнемі күйзеліске ұшырайтындардың баласынан өзін әлдеқайда жақсы ұстайды. Сондықтан ашуыңыз балаңыздың мінезіне тікелей әсер ететінін біліңіз. Балаңызбен неғұрлым салмақты кейіпте сөйлессеңіз,ол соғұрлым салмақты болып өседі.

8. Егер өзіңізді ұстай білмесеңіз, балаңызға да өз әрекетін бақылауда ұстауға үйрете алмассыз.

9. Балаңызбен қарым-қатынас түзу жауапкершілігін мойныңызға алсаңыз, онда өзіңізді де қамқорлыққа алғаныңыз.

10. Егер бала сізді ашулануға итермелесе, ол жағдайды басқарып кетеді. Өзіңді бақылау әр кезде өзіңді ұстай білуден басталады.

11. Балаңызға не айтқаныңызды қадағалаңыз. «Мені ашуландырдың, тым жайбарақат қимылдайсың. Шапшаңдат. Айқайлатқаннан басқаны білмейсің» десеңіз, оған жағдайды басқартып, өз әрекетіңізді басқаруға рұқсат бергеніңіз.

12. Бала Алланың сыйы. Ендеше өзіңізді жетілдіру уақыты басталды деп есептеңіз.

13. Баланың қылығына төзімсіздік танытып, ашуға бой алдырсаңыз, оған жүргізетін билігіңізден айырыласыз.

14. Не жағдай болса да, бейбіт түрде, байсалды қалыпта шешіңіз. Сонда ішкі теңгерімнің арқасында тәрбиеге аса қажет болатын даналық пен махаббатты көрсете аласыз.

15. Бара-бара салмақты бола бастайсыз. Бейбіт жолмен шешім табудың рақатын сезінесіз. Ашуға беріліп уақыт ұрлатасыз.

Ағзаны күрішпен тазалау
Белизнаның пайдасы мен зияны
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу