Қызметтен босататын 5 кеңес
Кейде бойымыздағы жаман әдетімізбен өзгелерді ренжітіп алатынымыз бар. Мұндай мінез отбасыңыз бен әріптес-достардың арасындағы қарым-қатынасты бұзуға қабілетті. Әдетте, отбасы мүшелері жаман қылықтарыңызды түсініп кешірім беруі мүмкін. Алайда, осы ір ғана әдет сіздің жұмыстан шығып кетуіңізге себепкер болуы мүмкін. Егер бойыңызда жаман әдеттер болса олардан арылуға тырысыңыз:
1. Таза болмау
Әріптестеріңіз сізден теріс айналмасын десеңіз сыртқы келбетіңіз бен тазалығыңызға басты назар аударыңыз. Сіз өзіңізді байсалды ұстауыңыз тиіс. Бастығыңыз сонда ғана сізді жауапкершілігі бар, сенуге тұратын адам деп бағалайды. Ешбір компания кеңсеге әбіржіген, рухани бос адамдарды қабылдағысы келмейді. Қызметкердің сыртқы келбетіне немқұрайлы қарауы кәсіпорынның бедедіне нұқсан келтіреді. Бастықпен жақсы қарым-қатынаста болу үшін және әріптестер арасында ыңғайсыз жағдайлар тудырмас үшін гигиена мен киім кию ережелеріне баса назар аударғаныңыз жөн.
2. Кешігіп келу
Сіздің жұмыс істеуіңізге кедергісін келтіретін әдеттердің бірі – үнемі кешігіп жүру. Барлық жұмыс орындары, тіпті қандай салада болсын уақытылы жүретін жұмысшыларды бағалайды. Әрдайым, жұмысқа уақытылы келіп, жұмысын тиімді атқаратын адам бастығымен де жақсы қарым-қатынаста болады. Кездесулерге және жұмыс орныңызға кешігіп баратын болсаңыз сіз әріптестеріңізге деген сыйластығыңызды жоғалтып аласыз. Өзіңізді өзге ортаға жаман әдетті адам ретінде көрсеткіңіз келмесе өзгелерді сізді күтуге мәжбүрлемеңіз. Жұмысыңызға ұқыпты болғыңыз келсе оятқыш қоюды және жұмысқа әдеттегіден 15 минут ерте баруды әдетке айналдырыңыз.
3. Теріс көңіл-күй
Жұмыс жүктемесіне разы болмай, жиі шағым айтатын және компания саясатына үнемі наразылық білдіретін қызметкерлер, өзінің жеке ұстанымдарына да қайшылықпен қарайды. Ешбір компания көңілсіз жүретін адамдарды жақсы көрмейді. Сол себепті, әріптестеріңіздің көңіл-күйін көтеруді ойлаңыз. АҚШ-тағы ең ірі онлайн-жалдау компаниясы CareerBuilder жүргізген зерттеулерге сүйенсек, жұмыс берушілердің 60% -дан астамы пессимистік көзқарастағы адамдарды жұмысқа қабылдамайды екен.
4. Алаңдаушылық
Егер жұмысыңыздан айрылғыңыз келмесе, жұмыс уақытысында жеке істерге алаңдамаңыз. Әлеуметтік желілер немесе телефон арқылы сөйлесу кеңсе қызметкерлеріне кедергісін келтіреді. Жұмысқа бар ойыңызды, көңіліңізді бөлуге тырысыңыз. Әйтпесе, өз жұмысыңызды оңай жоғалтуыңыз мүмкін.
5. Тазалық сақтаңыз
Кеңседегі тазалаушы әйел сіздің жеке қызметшіңіз емес. Ол сіздің айналаңыздағы қоқысты жинауға міндетті емес. Жұмыс орнында қоқыс қалдырмаңыз. Кеңсе ішіндегі бөлмеңіз бен асхананы таза ұстаңыз. Өзгелерге құрметпен қарап, жұмыстан айрылмау үшін бар өнеріңізді салыңыз.
Жоғарыда келтірілген жаман әдеттер, өзіңізді тәрбиелеуге ықпалын тигізері сөзсіз. Өз ісіңізде мансапқа жеткіңіз келсе, бойыңызға жабысқан жаман әдеттерден арылуға тырысыңыз!