Зеренді ауданында демократиялық тұрғыда әкімдер халық таңдауымен сайланды

Oinet.kz 22-11-2024 17

Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау жиі ұйымдастырылатын өңірлердің қатарына Ақмола облысын да жатқызуға болады. 

Screenshot_21.jpg

Бұған дейін Ақмола облысының Ақкөл, Аршалы, Атбасар, Жарқайың, Қорғалжын, Целиноград, Шортанды және басқа да аудандарының бірнеше ауылдық округінде әкім сайлаулары өткізілді. Енді, міне, 17 қараша күні Зеренді ауданының Исаковка және Қанай би атындағы ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өткізіліп отыр. 

Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Алмат 

Балтағариннің айтуынша, қос ауылдық округте әкім сайлауы тартысты өткен. Қос округ әкімі лауазымына барлығы 6 кандидат тіркелген болатын. олардың 3-і әйел. Барлығы да өзін-өзі ұсынғандар. 

- Әкім сайлау – қазаққа бейтаныс рәсім емес. Бабаларымыз болыс, би, қазыларды да, ханды да сайлаған. Ұлы далада қалыптасқан сайлауы да, заңы да, басқару жүйесі де болған. Сол үдеріс бүгінде жаңғырып жатса, неге құптамасқа? Қазіргі таңда сайлау жүйесінде ашықтық бар. Халықтың бүгінде сайлауға деген сенімі артып келеді. Ауданда аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округ әкімдері сайлауын өткізуде Ақмола облысының да жинақтаған тәжірибесі мол. Мәселен, жыл басынан бері ауданымызда 4-5 ауылдық округ сайлауы өткізілді. Ал бүгін Исаковка және Қанай би атындағы ауылдық округ әкімдерін сайладық. Мәселен, Исаковка округ әкіміне 3 кандидат түскен. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес, Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Зеренді ауданы Исаковка ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеді. Олардың бірі – Ақмағанбетова Қарлығаш Сейілбекқызы, 1984 жылы туған ол «Зеренді ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы. Екінші кандидат – Байсейітов Саян Шыңғызұлы, 1983 жылы туған ол Исаковка ауылдық округінің әкімі. Ал үшінші үміткердің есімі Нұржұмаев Мереке Көшекбайұлы. 1994 жылы туған ол Зеренді ауданының «Зеренді ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі секторының меңгерушісі. Барлығы да өзін-өзі ұсынғандар, - дейді комиссия төрағасы.

Ал Қанай би атындағы ауылдық округінің әкіміне тіркелген үш кандидаттың бірі – Алексеева Альбина Витальевна. 1977 жылы туған ол «Викторовка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы. Екінші кандидаттың есімі Оразалина Асылтас Зиноллақызы.  1988 жылы туған ол «Сарыөзек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы. Үшінші үміткер – Ақмағамбетов Медет Сайранбекұлы. 1984 жылы туған ол Зеренді ауданының «Қанай би атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы. Барлығы да мемлекеттік қызметкерлер. 

Сонымен 17 қарашаға тағайындалған сайлау қорытындысын Зеренді аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Зеренді ауданы Исаковка және Қанай би атындағы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде, сайлау қорытындыларын жариялады. Исаковка ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілген 426 азаматтың 369-ы дауыс берді. дауыс қорытындысында 11 бюллетень жарамсыз деп танылса, 12 бюллетеньде «Барлығына қарсы» жолында белгі соғылған. Ал кандидаттар бойынша айтсақ, Ақмағанбетова Қарлығаш Сейілбекқызы сайлаушылардың 39 дауысын жинаса, Байсейітов Саян Шыңғызұлы 297, Нұржұмаев Мереке Көшекбайұлы 10 дауыс жинаған. Сөйтіп, Исаковка ауылдық округінің әкімі болып 1983 жылы туған Байсейітов Саян Шыңғысұлы сайланып, өз орнын екінші қайтара сақтап қалды. 

-Қанай би атындағы ауылдық округі әкімі үшін болған сайлау да тартысты өтті. Бұл сайлауда да ауыл тұрғындары белсенділік танытты. Округ бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілген 381 азаматтың 369-ы сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасап, дауыс берді. Сайлау қорытындысында Ақмағамбетов Медет Сайранбекұлы сайлаушылардың 334 дауысын жинаса, Алексеева Альбина Витальевна 18, ал Оразалина Асылтас Зиноллақызы 15 дауыс иеленді. Сонымен Қанай би атындағы ауылдық округінің әкімі болып 1984 жылы туған «Қанай би атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Ақмағамбетов Медет Сайранбекұлы сайланды. Зеренді ауданына қарасты қос ауылдық округте де сайлау барысында ешқандай заң бұзушылықтар орын алған жоқ. Округ халқы өз таңдауларын жасап, таңдаған әкімдерін демократиялық жолмен сайлап алды. Бүгінгі күні жаңа сайланған әкімдер сайлауалды бағдарламасында берген уәделері мен міндеттемелерін орындауға кірісіп кетті, - дейді Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Алмат Балтағарин.

Шет ауданында сайлау тартысты өтті
Нахимов ауылдық округ әкімі екінші қайтара сайланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу