Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында айтқандай әділ қоғам құрудың алғышарты мен іргетасы ауыл әкімдерін сайлаудан бастау алары анық.
Қарағанды облысында өтіп жатқан аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауының жиі ұйымдастырылуы халықтың сайлауға деген ашықтығын көрсетеді. Өткен аптада Қарағанды облысының Бұқар жырау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 17 қарашаға тағайындалған әкімдердің сайлауы Бұқар жырау ауданының Ақбел, Гагарин және Доскей ауылдық округтерінде ұйымшылдықпен өтті. Халық үш ауылдық округте әкімін өздері таңдап, дауыс беріп, сенімді азаматтарды сайлады.
Бұқар жырау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының өкілі Марат Нұрлановтың айтуынша, Ақбел ауылдық округі бойынша үш кандидат тіркелген. Бірін Amanat партиясы ұсынған болса, екеуі өзін-өзі ұсынып отыр. Олардың бірі – Қарақұдық ауылдық округ әкімдігінің бас маманы, 31 жастағы Заруов Мирас Максутович. Екіншісі – Бұқар жырау аудан әкімі аппаратының құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, 33 жастағы Кәмәл Құмар Кенжебекұлы. Amanat партиясы ұсынған кандидат – Ақбел ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 35 жастағы Мырзабеков Сайлау Игиликович.
Ал Гагарин ауылдық округі бойынша да үш кандидат тіркелген. Бірін Amanat партиясы ұсынған болса, екеуі өзін-өзі ұсынған. Өзін-өзі ұсынғандардың бірі – Үштөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 30 жастағы Амангелді Қуаныш Есейұлы. Екіншісі – Бұқар жырау аудан әкімдігі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, 36 жастағы Нурмуканов Сайран Сабитович. Саяси партиядан ұсынылған «Асылжан» шаруа қожалығы басшысының орынбасары, 38 жастағы Рахимберлинов Жандос Жолдебаевич.
Сондай-ақ Доскей ауылдық округі бойынша да үш кандидат тіркелген болатын. Олардың бірін Amanat партиясы ұсынса, екеуі өзін-өзі ұсынғандар. Amanat партиясы ұсынған кандидат А.Байтұрсынов атындағы жалпы білім беру мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 51 жастағы Исаинов Рустем Женисович. Ал өзін-өзі ұсынған кандидаттардың бірі – Ботақара кенті әкімі аппаратының бөлім басшысы, 41 жастағы Кашкимбаев Нуркали Алимбекович. Екіншісі – Үштөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 32 жастағы Кулькабаева Анеля Канатовна.
- Көріп отырғандарыңыздай, үш ауылдық округ бойынша әкім лауазымына үміткерлердің барлығы да жоғары білімді. Тіркелген кандидаттардың жалпы саны – 9. Оның біреуі әйел. Саяси партиядан ұсынылған кандидат саны – 3-еу, ал өзін-өзі ұсынғандар саны – 6-у. Сонымен 17 қарашада Бұқар жырау ауданының Ақбел, Гагарин және Доскей ауылдық округтерінде ұйымдастырылған ауылы әкімдерінің сайлауы заң талабына сай өтті. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Бұқар жырау ауданының Ақбел, Гагарин және Доскей ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындыларын жариялады. Мәселен, Ақбел сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 374 азаматтың 266-сі өз таңдауларын жасап, дауыс берді. Сайлау барысында Заруов Мирас Максутович сайлаушылардың 25, Кәмәл Құмар Кенжебекұлы 38, ал Мырзабеков Сайлау Игиликович 202 дауыс жинаған. Сөйтіп, сайлау қорытындысында Ақбел ауылдық округінің әкімі болып 1989 жылы туған, «Бұқар жырау ауданының Ақбел ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Amanat партиясы ұсынған Сайлау Игиликович Мырзабеков сайланды, - дейді комиссия өкілі.
Сол сияқты Гагарин ауылдық округінде де әкім сайлауы талапқа сай ұйымдастырылып өткізілді. Гагарин сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 552 азамат енгізіліп, олардың 374-і дауыс берді. Сайлауда Амангелді Қуаныш Есейұлы сайлаушылардың 50 дауысын жинаса, Нурмуканов Сайран Сабитович сайлаушылардың 62, ал Рахимберлинов Жандос Жолдебаевич 256 дауысына ие болған. Сонымен, сайлау қорытындысында Гагарин ауылдық округінің әкімі болып 1986 жылы туған, «Асылжан» шаруа қожалығы басшысының орынбасары, Amanat партиясы ұсынған Жандос Жолдебаевич Рахимберлинов сайланды.
Ал Доскей ауылдық округіндегі өткен сайлауға сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 3043 азаматтың 2040-ы қатысты. Мұндағы сайлау қорытындысында Исаинов Рустем Женисович сайлаушылардың 1699 дауысын жинаса, Кашкимбаев Нуркали Алимбекович сайлаушылардың 162, ал Кулькабаева Анеля Канатовна 174 дауысқа ие болды. Сөйтіп, Доскей ауылдық округінің әкімі болып 1973 жылы туған, А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беру мектебі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Amanat партиясы ұсынған Рустем Женисович Исаинов сайланды.
- Жалпы бүгінгі күні ауылдық округ әкіміне қойылып отырған жауапкершілік жоғары. Оларға қойылып отырған басты міндет – «Ауыл аманаты» жобасын орындау, ағын су мәселесін шешу, су үнемдеу технологиясын тиімді пайдалану мен ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту, мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды орындау ісіне айрықша көңіл бөлу. Сонымен қатар, жұмыспен қамтуды үйлестіру, шағын және орта бизнесті қолдау, кәсіпкерлік субъектілерін қаржылай қолдау және жаңа бизнес идеяларды іске асыру, ауылдың мүмкіндігін ескере отырып туризмді дамыту мәселесіне назар аудару. Міне, осы міндеттерді өз мойнына алып жұмыс істеуге, өздерін ұйымдастырушылық және іскерлік қырынан көрсетуге Ақбел, Гагарин және Доскей ауылдық округінің жаңа әкімідері Сайлау Мырзабеков, Жандос Рахимберлинов пен Рустем Исаинов аудан активімен өткен кездесуде уәде берді, - дейді Бұқар жырау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының өкілі Марат Нұрланов.