Құлаайғыр ауылдық округінің әкімі өз орнын сақтап қалды

Oinet.kz 21-11-2024 14

Ауылдық округ әкімдерінің сайлауы 17 қарашада Қарағанды облысының Құлаайғыр, Ақтоғай ауылы, Айыртас, Қусақ, Ақбел, Доскей, Гагарин, Осакаровка кенті, Шідерті, Дәрия кенті және Көктіңкөлі ауылдық округтерінде өтті. Қарағанды облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Сандуғаш Асылбекованың айтуынша, елімізде аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау шаралары жалғасуда.

Screenshot_16.jpg

Мәселен, 16 маусымға белгіленген сайлау облысымыздың Абай, Ақтоғай, Бұқар Жырау, Осакаров, Шет ауданының жоғарыда айтқан 11 ауылдық округінде жоғары жауапкершілікпен өткізілді. Соның бірі - Абай ауданы Құлаайғыр ауылдық округі әкімінің сайлауы. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен саяси реформа аясында үш жыл бұрын ауыл әкімдерін тікелей сайлау механизмі енгізілген болатын. Осылайша, еліміздің көптеген елді мекендерінде баламалы негізде сайланған жаңа әкімдер жауапты қызметтеріне белсене кірісті. Біздің облысымызда да үш жыл көлемінде біреше ауылдық округте әкім сайлауы өткізіліп, нәтижесі жаман болмады. Соның ішінде 17 қараша  күні өткен Абай ауданы Құлаайғыр ауылдық округі бар. Мәселен, 22 қазанда Абай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Сайлау комиссиясының төрайымы Н.Сергеева комиссия отырысында Абай ауданы Құлаайғыр ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындысын жариялады. Онда «Абай ауданының Құлаайғыр ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы» шешім қабылданды. Н.Сергеева өз кезегінде округ әкімі лауазымына 3 кандидат ұсынылғанын жеткізді. Оның ішінде саяси партиялардан – 1, өзін-өзі ұсыну тәртібімен – 2 кандидаттың тіркелгенін айтты. Тіркелген кандидаттың бірі әйел. Ал кандидаттардың орташа жасы - 44 жас. Ең жас үміткер 36 жаста, үміткерлер арасында ең үлкен жас – 53 жас. Ұсынылған кандидаттардың барлығы да мемлекеттік қызметшілер, оның бірі округтің әкімі екенін жеткізген болатын комиссия төрағасы. Сол жиында кандидаттарға сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, оның аяқталу мерзімі туралы толық ақпарат берілді, - дейді облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Сандуғаш Асылбекова. 

Абай ауданы Құлаайғыр ауылдық округінде ауылдық округ әкімінің сайлауы заң талаптарына сай ұйымдастырылып, қорытындыланды. Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне барлығы 956 азамат енгізілсе, оның 685-ы дауыс берген.

- Абай аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына,113-10-бабына сәйкес, Абай ауданының Құлаайғыр ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижиесі туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі. Құлаайғыр ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округіндегі сайлаушылар тізіміне енгізілген 956 азаматтың  685-ы өз таңдауын жасап дауыс берді. Санақ барысында 15 бюллетень жарамсыз деп танылса, 23 азамат «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қалдырған. Ал кандидаттар арасында дауыс бөлінісі әрқилы болды. Яғни, 

Абишев А.Т сайлаушылардың 556 дауысын жинаса, келесі кандидаттар Алексеев В.В сайлаушылардың 39, ал Раймагамбетова К.А – 52 дауысына ие болған. Сайлау қорытындысында Құлаайғыр ауылдық округінің әкімі болып 1979 жылы туған, округі әкімі, Amanat партиясы ұсынған Абишев Асет Толегенович сайланып өз орнын сақтап қалды, - дейді Қарағанды облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Сандуғаш Асылбекова.

Халық өз таңдауын жасады
Ақтоғай ауданында үш жаңа округ әкімі сайланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу