Ауылына сыйлы азамат

Oinet.kz 19-11-2023 1812

image.png

«Адамды адам еткен – еңбек» десек, қоғамдық қатынастар өзгерген қазіргі кезде біз нағыз еңбек адамына құрметіміз шексіз болуы керек.  Біздіңше, еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін, табысын маңдай терімен табатын адал жан. Таң атқаннан күн батқанға дейін тыным таппай тер төгетін жұмысшы қауымы  және өз ісінің нағыз шеберлері. Олар: аула сыпырушы, аспаз, темір жолшы, көлік жөндеуші, мұғалім немесе дәрігер болуы мүмкін. "Олар туған елдің жарқын болашағы үшін күн сайын тынбай еңбек етіп, отаншылдықтың озық үлгісін көрсетіп жүр. Мемлекет адал еңбектің барлық жерде салтанат құруы үшін бәрін жасайды деген Президент  Қасым-Жомарт Тоқаев: "Адал азаматқа" тән еңбекқорлық, іскерлік, жауапкершілік, білімпаздық және жақсыдан үйрену, жаманнан жирену сынды асыл қасиеттің бәрі шынайы еңбек адамының бойынан табылады. Сондықтан өз ісінің майталмандары қашанда қоғамның назарында болуға тиіс. Ал, жастарымыз соларға қарап бой түзеуі керек", – деген болатын. 

Созақ ауданының тұрғыны Батырхан Аяпов мемлекет басшысы айтқандай жастарға үлгі боларлық еңбек адамы. Батырхан Қаныбекұлы  Отан алдындағы борышын абыроймен адал өтеп келгесін  отбасылық «ТЕКЕЙ» шаруа қожалығында мал басын көбейту, асылдандыру жұмыстарымен айналысып, қожалықтағы түйе басын 80 бастан 140 басқа, сиырды 100 бастан 150 басқа көбейтті.

Батырхан Қаныбекұлы 2005 жылы Созақ аудандық сотына сот приставы қызметіне орналасып, 2006 жылы осы соттың қылмыстық және әкімшілік істер бойынша сот хатшысы қызметіне көтерілді. 2007 жылы кеңсе меңгерушісі қызметін атқарды. Мамандығы бойынша көп тәжірибесі бар ол 2013 жылы Созақ ауылдық округі әкімдігіне бас маман заңгері болып ауысты. Ал 2019 жылдың наурыз айынан бастап, Созақ ауылдық округінің әкімі қызметін абыроймен атқарып келеді. 

«Әке көрген оқ жонар» демекші Батырхан Аяпов әке тәрбиесіне қанығып өскен азамат. Әкесі Аяпов Қаныбек Созақ совхозында (механизатор) трактор жүргізушісі болып 25 жыл еңбек еткен. Еліміз егемендік алған жылдары яғни, 1991 жылдан бастап Созақ совхозының бір отар түйесін қабылдап, зейнет жасына дейін түйеші болып жұмыс істеген. Анасы Райымбекова Күланда Қақпансор елді мекенінде Саттар Ерубаев атындағы жалпы орта мектебінде қарапайым тазалықшы және интернатта жататын малшылардың балаларына нан жабушы болып жұмыс істеді. Кейін совхозда түйе шаруашылығында сауыншы болды. Дүниеге 11 бала әкелген Батыр ана. Отбасында бір әке-шешеден он бір бала, тоғыз ұл, екі қыз көпбалалы отбасынан шыққан.

Отбасында жұбайы Мүсірепова Майра Беркінбайқызы жоғары білімді. Созақ жалпы орта мектеп гимназиясында мұғалім. Көпбалалы отбасынан шыққан Майра Беркінбайқызы бүгінде үлкен әулеттің сыйлы да өнегелі келіні. Батырхан мен Майра бақытты отбасында 5 бала тәрбиелеп, өсіріп отыр. Қыздары Айкерім мен Шұғыла оқу озаттары.

Өнерін еліне арнаған әнші
Мүгедек жандар - ел назарында
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу