Етік тігу кәсібін меңгерген
Еліміздің әлеуметтік-экономикасын көтеру үшін шағын және орта бизнес дамуы керек. Әр азамат өз кәсібін бастауға құқылы және ол үшін мемлекет тарапынан берілтен үлкен мүмкіндік, қолдау бар. Республика көлемінде бүгінде халықты жұмыспен қамту және кәсіппен айналысуға қатысты көптеген бағдарламалар жүзеге асырылуда. Жобаға қатысқан әр қатысушы осы мүмкіндікті пайдаланып, әрекет етіп, кәсібін дамытуға тырысса, елімізде шағын және орта бизнес дамып, жұмыссыздардың саны азайып, ел экономикасы көтеріле түспек.
Биыл 2023 жылы Түркістан облысында жұмыспен қамту саласы 4 негізгі стратегиялық бағыт бойынша жүргізілуда. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы негізінде «Өңірдің жұмыспен қамту картасын» бекіту, Үкіметтің қаулысы негізінде «Еңбек» бағытының іске асырылуы, Түркістан облысының даму бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті дамыту арқылы өз ісін ашу, Мемлекет басшысының «2050 жылдарға дейінгі даму стратегиясы» бойынша цифрландыруды тереңдету іске асырылады.
Аталған жобаларға атысып, нәпақасын тауып жүрген жанның бірі Шолаққорған ауылының тумасы Кенбай Икембаев. Ол аяқ киім тігумен айналысады. Осыған дейін мамандығы болмаған ерекше жан кәсібін дөңгелетер алдын ізденіп, тыңғылықты дайындалған.
«Мен бастапқыда аяқ киім тігу ісін ұялы телефоннан, интернеттен көріп, үйрендім. Сосын Талдықорғандағы аяқ киім тігетін кәсіпорында бір ай жұмыс істедім. Ол жақта осы кәсіппен айналысатындар көп екен. Сол жақтан көп нәрсе үйреніп келдім»,- дейді Созақ ауданының тұрғыны.
Бастапқыда балалар аяқ киімін тіккен Кенбай кейіннен ересектерге арналған және спорттық аяқ киімдерді тіге бастаған. Жақында әйелдерге арналған сәнді аяқ киімдер тігуді мақсат етіпті. Ісмерге жұмысын жалғастырып кәсібін дөңгелетуге «Бастау бизнес» мемлекеттік бағдарламасы қолдау болған. «1 миллионнан астам грантты ұтып алдым. Оған шикізатты теріні Шымкенттен, қалғанын фирмаларға тапсырыс бердім»- дейді Кенбай.
Ия, ізденген , еңбек еткен жанға жұмыс қашанда табылады. Ең бастысы зіңіздің ниетіңіз болса болғаны, ал қалған қаржылай, материалдық қолдаудың барлығын мемлекет көрсетуде. Осы мүмкіндікті пайдаланған созақтықтар бүгінде түрлі кәсәп ашып, өзі ғана емес өзгелерді де жұмыспен қамтып отырған жайы бар.
Айта кетейік, Созақ ауданында еліміздегі Ұлттық жобалар шеңберінде 2 655 азамат әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылып, жылдық жоспар 72 пайызға орындалған (оның ішінде: «Қуатты өңірлер — ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында 130 жаңа жұмыс орны ашылу жоспарланып, бүгінгі күнге 60 жаңа жұмыс орны ашылды; «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» ұлттық жобасы бойынша 1281 жұмыс орны ашылу жоспарланып, 1241 жұмыс орны ашылды; 1371 адамды бос жұмыс орындарына жұмысқа жіберу жоспарланып, 8 айдың қорытындысымен 704 адам жолданды; ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашу» тапсырмасына сәйкес 714 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып, 8 айдың қорытындысына сәйкес, 590 жаңа жұмыс орны ашылды). Жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды құрайды. 2023 жылы 1 рет жәрмеңке өткізіліп, барлығы 24 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналастырылды.