«Ауыл аманаты» жобасы түсіндірілді
«Amanat» партиясы Үкіметпен бірлесіп, «Ауыл аманаты» атты жобаны іске қосқаны мәлім. Бұл – Мемлекет басшысының «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында қолға алынған бастама.
Осы орайда Созақ ауданы әкімдігі ғимаратының үлкен мәжіліс залында Республика бойынша іске асырылып жатқан «Ауыл аманаты» пилоттық жобасының алтыншы бағыты – өз кәсібін ашу бойынша шаруалар мен кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындардың қатысуымен жиын өтті.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыбалды ашып, жүргізіп отырды. Аталған шараға Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқарма басшысының орынбасары Самат Жандарұлы арнайы келіп қатысып, облыс бойынша ауыл халқының табысын арттыру үшін мемлекеттік жеңілдетілген несиелердің алу жолдарын жан-жақты түсіндіріп өтті. Яғни, жобаның негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендердегі жұмыссыздық және атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын азайту болып табылады. Өзін-өзі қамтушыларды заңдастыру.
Мал шаруашылығына берілетін несиеге қызығушылық танытқандар көп болды. Негізі ауыл тұрғындарының басым бөлігі мал шаруашылығымен айналысатындықтан болашақ кәсіптерін дәл осы саламен байланыстырғысы келетіндер көп.
Аудандағы барлық ауылдық елді мекендердегі жұмыссыздық және атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын азайту мақсатында, жобаның негізгі мақсаты мен несие шарттары туралы ауыл тұрғындарына түсіндірілді. Жиналыс барысында кәсіпкерлер мен тұрғындар тарапынан сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді.
Бүгінде адамдар табыстың тетігі кәсіпте екенін жақсы түсінеді. Иә, сүйікті ісін табыс көзіне айналдырып, кәсіппен айналысқысы келетін азаматтардың қатары едәуір артқан. Кәсіп бастау үшін мемлекеттен қолдау да көп, тек ынта болса жеткілікті.
Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыбалды жиналыстың күн тәртібіндегі мәселенің өзектілігіне тоқталып өтті. Сондай-ақ жауапты мамандар мен ауыл округ әкімдеріне жобаны іске асыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі жүргізу керектігін айтып, бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Айта кетейік, ауданда «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алу үшін 106 азамат құжат тапсырып үлгерген. Оның ішінде 76 азаматтаң құжаты 350, 150 млн. теңгеге мақұлданып, 25 азамат 108,350 миллион теңгеге жеңілдетілген несиеге қол жеткізді.
Негізінен «Ауыл аманаты» жобасы бойынша қаржыландыру бес бағытта жүргізіледі. Бірінші өңдеу саласына қатысты жобалар, мысалы, жылыжайлар, сүт, ет өндірісі, құс және балық шаруашылығы, екінші өсімдік шаруашылығын дамыту, үшінші ауыл шаруашылығы кооперативтерін жабдықтау, төртінші мал шаруашылығын дамыту бойынша және басқа да бағыттағы бизнес жобалар болып табылады.
Жобаға қатысуға кез келген адам өтініш бере алады. Ұсынылған бизнес жоспардың қажеттілігі, тиімділігі ескеріле отырып, шешім қабылданады. Мемлекеттік қолдау нәтижесінде бұл жоба қатысушыларына 2,5 пайызбен несие беріледі. Егер мал ша¬руашылығын қолға алғыңыз келсе, 7 жылға, ал басқа кәсіпті нәсібіңізге айналдырар болсаңыз 5 жылға дейін беріледі. Тек бір шар¬ты бар. Үйіңізді кепілге қоясыз. Сон¬дай-ақ жеке кәсіпкер ретінде тір¬келуі, несие тарихы дұрыс болуы міндетті.
Бағдарламаны іске асырудың маңыздылығы ең алдымен халықтың табысын арттыруға, сондай-ақ эконо¬миканы әртараптандыру, кәсіпкерлікті дамытумен ұштасқан нәтижелі жұмыспен қамтуға бағытталған.