Қоқыс алаңшаларының жанына бейнебақылау камерасы орнатылады

Oinet.kz 14-11-2022 370

image.png

Қоқыс- қазіргі таңда әлемді алаңдатқан глобалды мәселенің бірі. Жыл сайын әлемдегі өндірістерден шамамен 1 миллиард, тұрмыстан 14 миллион  тонна қалдық  шығарылады. Бұл көлемі мен зияндылығы жөнінен өте күрделі. Ал әрбір отбасыдан бір адам тәулігіне 1,5  килограмм қоқыс шығарады. Олар желмен, сумен ауаға топыраққа тарап, қоршаған ортаға зиян келтіреді. Тіпті тұрмыстық қалдықтардың көл мен өзендерге шығарылатыны белгілі. Мәселен пластикалық заттар мен пластмасса бұйымдарын өртеген жағдайда ауаға зиянды көміртек оксидтері бөлінеді. 

Осылайша  зиянды қалдықтардың шектен тыс мөлшері бүкіл адамзатқа, қоршаған ортаға, әсіресе топырақ пен су және адам денсаулығына  зиянын тигізеді. 

Шымкент қаласында қоқыс тастау, сұрыптау мәдениеті  әлі де төмендеу екені жасырын емес.  Үшінші мегаполисте қоқыс контейнерлерін заңсыз пайдаланатындар тыйылмай тұр дейді мамандар. Тұрғындар тұрмыстық қалдық тасталатын орындарды кішігірім полигонға айналдырып алған. Әсіресе пәтеріне жөндеу жүргізгендер құрылыс қалдықтарын жол жиегіне тастап кетуді әдетке айналдырған. Қара басының қамын ойлағандар жылмысқы әрекетін жұрт шырт ұйқыда жатқанда іске асырады екен. Сол себепті жергілікті халық алаңша маңына бейнебақылау камерасын орнатып беруді сұрайды.

Шеткі аудандарды былай қойғанда қаланың қақ ортасындағы қоқыс алаңшалары шағын полигонға айналып барады. Себебі жергілікті  тұрғындар тал дарақтан бастап жарамсыз жиһаз, автокөлік бөлшектері мен құрылыс заттарына дейін жол жиегіне тастап кетеді дейді.  

Ал, Абай ауданы әкімдігінің өкілдер тиісті органдармен бірге апта сайын қоқыс контейнерлерін заңсыз пайдаланатындарға рейд жүргізіп отырамыз дейді. Соңғы уақытта айыппұл арқалағандар саны артып келетінін жасырмайды. Олқылықтың алдын алу мақсатында жауаптылар қоқыс алаңшаларының жанына бейнебақылау камерасын орнатуды жөн көреді. Ол үшін қалалық цифрландыру басқармасына ұсыныс та тастап қойған.  Бұл қоқысты бей-берекет тастаушылардың санын,  қоршаған ортаға келетін зиянды да азайтуға септігін тиігезеді дейді мамандар.  

Айта өтейік қазіргі таңда Абай ауданында 412 қоқыс алаңшасы болса ол жерлерде  485 контейнерлер бар. Әкімдік өкілдері 2023 жылы тағы 400 жаңа қоқыс жәшігін сатып алуды жоспарлапты.  


Биыл Шымкентте 166,3 мың дана ағаш отырғызылған
Шымкент қаласында әлеуметтік-экономикалық оң өсім байқалады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу