Балалар әрі медициналық киім тігеді

Oinet.kz 12-11-2022 461

image.png

«KazTexIndustry» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  - бұл кез-келген киім түрі мен арнайы киім формаларын тігетін фабрика. Мұнда әуелде перзентханада жаңа туылған нәрестелерге арналған киім-кешектер шығарылған. Пандемиядан кейін медициналық киімдерде дайындалады. Қазіргі таңда медициналық тауарларға басымдық берілгендіктен балаларға арналған киімдердің айына тек 2000 данасы шығып жатыр. Болашақта мөлшері артады. Ал медициналық тауарлардың айын 150 мың данасы шығады. Басым бөлігі антиплагиалық костюм. 

«Біздің цехта медициналық маска, арнайы форма және балаларға арналған киімдер. Сонымен қатар бір реттік және көп қолдануға жарайтын медициналық өзге де киімдер тігеміз. Күн  сайын тігетін киімдеріміз ауысып тұрады. Айталық бүгін маска тігетін болсақ бір күнде 500-ге дейін маска тігеміз. Осы фабрикадан табысымды тауып отырмын. Тігетін материалдарымыз өте сапалы.  »,- дейді тігіші Сымбат Жаңабай. 

Антиплагиалық костюмдер герметикалық материалдардан тігіледі. Сапасы өте жоғары. Сол себепті сұраныс көп. 

«Балаларға арналған киімдердің матасының сапасына аса көңіл бөлеміз. Біз ол үшін Ресей, Түркияның маталарын қолданамыз»,- дейді «KazTexIndustry» ЖШС директоры Наргиза Иманкунова. 

«KazTexIndustry» фабрикасы кез-келген тапсырысты жылдам әрі сапалы орындап береді. Клиенттері дән риза. Қазақстанның барлық аймақтарында дистрибюторлары бар. Тауарды жеткізіп береді. Сол себепті сапалы өнімді таңдап отандық кәсіпкерлерді қолдап жүрейік. 

Шымкентте  жеңіл өнеркәсіп тоқыма бұйымдарын, киім-кешек, былғары және оған жататын өнімдер өндіретін кәсіпорындар көп. Атап айтсақ, «AZALA Textile» ЖШС, «Арайлы» ЖШС, «Жібек.Н.М.» ЖШС, «Гаухар» тігін фабрикасы ЖШС, «АГФ Групп» өндірістік компаниясы» ЖШС, «ALATEX» ЖШС, «Жаңаталап-МТ» ЖШС, «KAZPLAST» ЖШС, «Шабитекс» ЖШС, «AZALA Cotton» ЖШС, «Әлем-БТ» ЖШС, «Хлопкопром-Целлюлоза»  ЖШС, «Назар текстиль» сынды кәсіпорындар қарқынды жұмыс жүргізуде.

Ал, тоқыма өнеркәсібін дамыту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, отандық мақтаны тұтыну үлесін ұлғайту және қосылған құны жоғары дайын тоқыма өнімін шығару үшін 200 гектарға «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуде. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының инвестициялық портфелі жалпы құны 86,1 млрд.теңге болатын 44 жобадан тұрады.   

Шымқалада «Ағаш отырғызу – сауапты іс» атты тал егу акциясы өтті
Кәсіпкерлерге мемлекеттің көмегі көп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу