Шымкентте жарықдиодты шам­дар өндіріледі

Oinet.kz 12-10-2022 274

image.png

Шымкент қаласында 2016 жылы «Тассай» индустриалды аймағы ашылған. Оның аумағы 89 гектар құрайды. Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметі бойынша, бес жылдың ішінде бұл аймаққа да 28 млрд 100 млн теңге инвестиция тартылып, 18 кәсіпорын ашылған. Бұл кәсіпорындарда 1 мың тұрақты жұмыс орны құрылды.  

Бүгінде «Тассай» индустриалды аймағында орналасқан кәсіп­орындардың бірі – «Каз­Тех­никас» ЖШС. Мұнда жарықдиодты шам­дар өндіріледі. Шымкентте алғаш­қы­лардың бірі болып диодты жа­рық шамдар шығаруды қолға ал­ған кәсіпорынға «Бизнестің жол кар­тасы-2020» бағдарламасымен индустриалды аймақтан 1,5 гектар жер бөлінген.

Құны 500 млн теңгені құрайтын бұл жоба 2020 жылы бастау алып, биыл іске қосылды. Қазір мекемеде 25 қала тұрғыны жұмыс істейді. Аталған кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 70 мың шам шығаруға қауқарлы. Айтып өтейік, жобаның жалпы құны – 500 миллион теңге. Бүгінде «КазТехникас» ЖШС жұмыстың тиімділігін арттыруда заманауи технологиялар­мен жабдықталған. Мұнда жарық­тандыру және энергия үнемдеу бағытындағы тиімділігін көрсеткен соңғы үлгідегі заманауи технология қолданылады.

Зауыт жылына 20 мың дана жарықдиодты шам өндіруге қау­қарлы. Шамдардың сапасы өнді­рілгеннен кейін су ішінде 5 минут тұрады да, кейіннен іске қосу арқылы тексеріледі екен. Яғни суға төзімділігі анықталып барып, сатылымға шығарылады.

Сонымен қатар мұнда темір сөрелер де жасалады. Өндіріс ор­ны алдағы уақытта мемлекеттік қолдау арқылы өнім көлемін ұл­ғайтып, экспортқа шығаруды жос­парлап отыр.

Шымкент қалалық кәсіпкерлік басқармасы мамандарының сөзінше индустриалық аймақтарда кәсіпорындарға үлкен жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен дайын инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жер уческелері ұсынылады. Бизнес өкіліне жобасын жүзеге асыру үшін нағыз керегі осы жер телімі. Аталған жер учаскелеріне мемлекет тарапынан инженерлік жүйелерге қосылу нүктелері тартылған.

Айта кетейік, Шымкентте жұмыс істеп тұрған 1 арнайы экономикалық, 2 индустриалды және 1 көлік-логистикалық аймақта 123 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Аймақтардың инженерлік инфрақұрылымын тартуға бюжеттен бөлінген әр теңгеге 22 теңгеден инвестиция тартылған. Соның нәтижесінде бұл зауыт-фабрикалар мемлекеттік бюджетке 36 миллиард теңгеден астам салық төлеген.

Кәсіпкерлік саласында өсім бар
Бірегей жоба іске аспақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу