Кәсіпорындар мекені және тәжірибе алаңы

Oinet.kz 03-10-2022 247

image.png

Шымкенттегі  «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы әуелде  тек жеңіл өнеркәсіп секторында жұмыс істейтін компанияларға ғана арнап ашылған. Кейіннен Шымқаладағы өнеркәсіптің даму қарқынына қарай мұндағы өндірістік бағыттардың спекторы кеңейтілді. Атап айтқанда, мұнда ендігі жерде құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындар, жиһаз шығарушылар, фармацевтика, машина жасау және химия өнеркәсібі салаларындағы компаниялар да қызмет атқара алады.

Соның бірі – «Шымкент химиялық компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Бұл өңірдегі мұнай-химия бағытындағы метил-трет-бутил эфирін (МТБЭ) өндіретін жалғыз зауыт. Мамандардың айтуынша, метил-трет-бутил эфирі бұл жанармайдың құрамындағы октан санын көбейту үшін қолданылатын қоспа. Яғни, бұл компания мұнай өнімдеріне жоғары стандартты қосымша қоспаларды шығарады. Жалпы, бұл өндіріс қаланың өңдеу өнеркәсібінің дамуына айтарлықтай үлес қосты деуге болады. Зауыттың өндірістік қуаты – жылына 57 мың тонна МТБЭ құрайды. 

Аталған 31 кәсіпорынға 53.2 миллиард теңге инвестиция тартылғаны және мұнда 2 309 адамның еңбек етіп жатқаны бұл аймақтың қаншалықты табысты екенін көрсететіндей. Осы арнайы экономикалық аймақтағы кәсіпорындар өндіретін тауарлар АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Бельгия, Италия, Корея, Хорватия, Түркия, Беларусь, Қытай, Өзбекстан, Ресей сынды әлемнің 22 елінде экспортталатыны көп жайды аңғартады емес пе?!

Алдағы жоспарға сәйкес 2022-2024 жылдары жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейтіп, өндірістік қуаттылығын арттыруға және жаңа зауыт-фабрикалар ашуға бағытталған 22 жоба іске асуы тиіс. Нәтижесінде «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағына 2022-2024 жылдары қосымша 77,2 миллиард теңге инвестиция тартылып, тағы да 3 889 жұмыс орны құрылады.

2020 жылдың желтоқсан айында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы «Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжімен» бірлесіп «Жеңіл өнеркәсіптің құзырет орталығын» құрған. Құзыреттер орталығын құрудағы негізгі мақсат – жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету. Қазіргі күнге дейін мұнда 150-ден астам студент оқу практикасынан өткен. 

«Оңтүстікте» қағаз шығады
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік – экономиканы дамытудың жолы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу