Биыл 205 жұмыс орнымен қамтитын 4 жоба аяқталады

Oinet.kz 13-10-2021 797

Screenshot_10.jpg

Шымкент қаласының табиғаты ауыл шаруашылығына өте қолайлы. Сол себепті де қалада ауыл шаруашылық басқармасы жұмыс істеп, түрлі нәтижелерге қол жеткізіп отыр. 

Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қаласы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева қала бойынша 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының Жол картасындағы іс-шараларлың жүйелі орындалуын бақылау мақсатында қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының жұмысымен танысты.  

Жол картасының 70-ші тармағында 5 жылда 136 гектар құрайтын «Агроиндустриалды аймақ» құрылып, онда ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдейтін 20 жоба жүзеге асады. 40 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылып, 1 мыңнан астам тұрақты жаңа жұмыс орындары ашылады деп жоспарланған. Жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы жұмыссыздықпен күресіп, қала экономикасын дамытуға болады.

2021 жылға 205 жұмыс орнымен қамтитын 4 жоба аяқталуы керек. Атқарылып жатқан жұмыстардың 9 айлық қорытындысы бойынша Мәртөбе тұрғын алабының маңында іске асырылып жатқан 2 жылыжай іске қосылып, 70-тен астам адамдар жұмыспен қамтылды. Басқарма өкілі жылдың соңына дейін 4 жоба аяқталып, толығымен орындалатынын жеткізді.

Данат Жумин Шымкенттің туристік әлеуетін жоғары бағалады
Белоруссия елінің әскери делегациясына туристік нысандар таныстырылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу