Дүнижүзілік ұйымға мүше болу арқылы - туризм шыңына

Oinet.kz 15-09-2021 481

Screenshot_7.jpg

Туристік саласы күннен-күнге дамып келе жатқан Шымкент қаласына - Дүниежүзілік «Біріккен қалалар және жергілікті билік» ұйымына мүше болу ұсынылды. Аталған ұсыныс Түркия Республикасының Измир қаласында өткен гибридтік форматта мәдениет жөніндегі «Біріккен қалалар және жергілікті билік» дүниежүзілік ұйымының IV Саммитінде айтылды. Аталған саммитке Шымкент қаласының Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы мен «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының қызметкерлері қатысқан болатын. 

Шара нәтижесінде  Измир мен Шымкент қалалары арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі жандандыру жөнінде келісімге келді. Еске сала кетсек, Измир мен Шымкент,  2004 жылдан бері бауырлас қала статусында. Одан өзге, 2022 жылы Қазан қаласында ЮНЕСКО-ның ұйымдастыруымен өтетін ауқымды шараға да Шымкент қаласының қатысуына ұсыныс түсті. 

Аталған ұйым ғасырдан аса уақыт бұрын құрылған. Мүшеліктегі елдер ғаламдық ауқымды сауалдарды шешуде бас қосып, муниципалды және мәдени байланысты сақтап, тәжірибемен бөлісіп отырады. Жалпы саны 240 мың өңір мен мегаполис  және БҰҰ құрамындағы 140-тан астам ел осы ұйымға мүше. Ал, бүгінде Нұр-Сұлтан және Түркістан қалалары ұйым құрамына еніп үлгерген.

«Мүмкіндіктер алаңында» мүмкіндік көп
Театр маусымы «Абылай ханның арманы» тарихи драмасымен ашылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу