Шымкентте сыбайлас жемқорлық көбейген
29-03-2023
Шымкентте «Алғашқы жұмыс орны» жобасының шарапатын көріп жатқандар көбейіп келеді. Бұл жоба «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ІІІ бағытын жүзеге асырудың нәтижесі. Қалалық жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілермен келісімшарт жасап, оқу орнын енді тәмамдаған жас маманды 24 айға жұмыспен қамтиды. Бұл жұмыссыздық деңгейін төмендетуге, жастардың екі жылда аз да болса тәжірибе жинап, біліктілігін арттыруына септігін тигізеді.
Айта кету керек, бұл жобаға жасы 29-ға дейінгі, бұған дейін мүлдем жұмыс өтілімі жоқ жұмыссыз жастар, оның ішінде NEET санатындағы жастар қатыса алады. Сонымен қатар, алғашқы жұмыс орнына орналасуға көп балалы немесе аз қамтылған отбасы мүшелеріне, еңбекке қабілетті мүмкіндігі шектеулі жандар мен техникалық және кәсіптік мамандық иелеріне де басымдық беріледі.
Шымкентте қазірге дейін осы жобаға қатысуға 109 жас ниет білдіріп, олар екі жылға тұрақты жұмысқа орналасқан. Көбі өз мамандығы бойынша түрлі мекемелер мен кәсіпорындарға жолдама алды.
Жобаға қатысушының еңбекақысы – 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде. Алғашқы 12 айдың еңбекақысын халықты жұмыспен қамту орталығы субсидиялайды.
Жобаға қатысқысы келетін үміткерлер тіркелген мекенжайы бойынша жұмыспен қамту орталығы бөлімшелеріне жеке куәлігі мен білімі туралы құжат көшірмесін тапсырып, өтінім бере алады.