Шымкентте 35 экспортер-кәсіпорын бар

Oinet.kz 08-09-2021 1089

Screenshot_11.jpg

Шымкенттік кәсіпорындар былтыр 150 миллиард теңгенің шикізаттық емес тауарын экспортқа шығарған болатын. Биыл мамандар бұл меже арта түседі деген болжам жасап отыр. Қалада белсенді жұмыс істейтін 35 экспортер-кәсіпорын бар. Олар әсіресе, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Иран, Латвия, Ауғанстан, Тәжікстан және Түркіменстан елдеріне түрлі тауарлар жөнелтеді.

Негізінен мұнай өңдеу, машина жасау, металлургия, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, құрылыс материалдары өндірісі және фармацевтика салаларында жұмыс істейді бұл кәсіпорындардың әлеуеті жоғары. Экспортқа шығатын тауарларын пайыздық межемен мәлімдейтін болсақ, мысалы мұнай және мұнай өнімдері – 16,1 пайызды, ұн – 13,4 пайызды, портландцемент және цемент өнімдері – 11,3 пайызды, мақта талшығы – 6,6 пайызды, күнбағыс майы – 5,7 пайызды, мұнай газдары – 4,6 пайызды, тоқыма бұйымдары – 3,6 пайызды құрайды.

Ұлттық экономиканы шикізат экспортына тәуелділіктен арылту – мемлекеттік стратегиялық маңызға ие міндеттердің бірі. Тәуелсіздік жылдарында өзге өңірлермен қатар әсіресе, Шымкентте өнеркәсіпті өркендету, экономиканың нақты секторын дамыту үшін ауқымды жұмыстар атқарылды.

Өнеркәсіптің даму тендениясын негізгі 2 көрсеткішпен дәлелдеуге болады. Біріншіден, былтыр Шымкент қаласында 654 миллиард 200 миллион теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілген. Бұл жалпыөңірлік ішкі өнімінің 25 пайызын осы өнеркәсіп саласы құрап отыр дегенді білдереді. Екіншіден, Шымкентте 35 экспортер-кәсіпорын бар.

Еліміздің ішкі нарығына - өзге өңірлеріне ғана емес, алыс-жақын шетелдерге де өз тауарын ұсынып, халықаралық нарықтағы қатаң бәсекелестікке төтеп беру оңай емес. Ал сол белесте белсенді болу тіптен мақтан етер нәтиже. Бұл орайда біз алдымен – «Шымкентмай» акционерлік қоғамын атар едік. Байырғы кәсіпорынның тарихында талай жаңғыртуғ қайта құру жұмыстары қолға алынды. Өз нәтижесін берген бұл игі-шаралар әсірісе, кәсіпорынның соңғы онжылдықта даму көкжиегі биіктей түскенін көрсетуде. Негізгі өндірісі өсімдік майын шығару болған кәсіпорын бүгінде мақта майының қатарына біртіндеп күнбағыс майын, соя майы, мақсары және рапс майларын қосып отыр.

Ал, майды физикалық өңдеу арқылы тазартылған май қышқылдарын алу, оны кір сабын жасауға пайдалану ісі жаңданад түскен. Себебі, кір сабынға деген сұраныс нарықта әрдайым бар.

«Шымкентмай» компаниясы шығаратын «Хозяйка» және «FRESHKO» сауда белгілерімен танымал кір сабындар экологиялық жағынан таза өнім саналады. Оның құрамында жасанды ағартқыштар мен синтетикалық хош иістендіргіштер жоқ. Компания былтыр 32 мың тонна өсімдік майы мен 6 800 тонна кір сабын шығарды. Оның ішкі нарық пен қатар, Ресей, Өзбекстан, Қытай, Қырғызстан және Түркияға экспортқа шығарған. Осылайша бұл кәсіпорын өз табысының 70,5 пайызын экспортқа жөнелткен қаражы есебінен тауып отыр.

Айта кету керек, қазір Шымкентте белсенді жұмыс істейтін 35 экспортер-кәсіпорынның 29-ы «2018-2022 жылдарға арналған «ҚР Ұлттық экспорттық стратегиясы» мемлекеттік бағдарламасы асында қолдауға өтініш берген.

— «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік бағдарлама аясында экспорттаушыларға көмек көресту бойынша келісімдерге қол қойды. Бағдарламада өңделген тауарларды шығарумен айналысатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне шығындарды өтеу қарастырылған, - дейді дейді Шымкент қалалық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев.

«Еңбек» бағдарламасының көмегімен өз кәсібін ашатындар көбейді
3 жылды 2 мыңнан астам бизнес-жоба іске асты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу