«Креативті экономика» функциясы салаға серпін береді

Oinet.kz 08-09-2021 644

Screenshot_9.jpg

Шымкентте «креативті индустрия» саласын дамыту мақсатында қалалық туризм және сыртқы байланыстар басқармасына «креативті экономика» функциясын беру ұсынылған болатын, Бұл ұсыныс қала әкімі Мұрат Әйтеновтың тарапынан қолдау тауып отыр.

Әлемдік экономиканың трансформациялануы, әл-ауқаттың жақсаруына байланысты жаңа тұжырымдамалар қабылдау қажеттігі сезілген сайын «креативті экономиканың» танымалдылығы арта түсуде. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев облыс және қала әкімдеріне экономиканың жаңа даму бағытын айқындап, «креативті индустрияны» дамыту бойынша арнайы тапсырма берген болатын.

Осыған байланысты Шымкенттік жоба – туризм саласына креативті экономика индустриясы қосылған республикадағы алғашқы басқарма болуымен ерекшеленіп отыр. Басқарманың құзіретіне туризмді дамыту, инвестиция тарту, Smart-инфрақұрылым, креативті жобалар мен маркетинг, сыртқы байланыстар секілді заманауи трансформациялану бағыттарындағы қызметтер кіретін болады. Бұл өзгеріс Шымкент қаласы экономикасының дамуына жаңа серпін беріп, «Туристік креативті қала бейнесін» қалыптастыруға мүмкіндік береді дейді мамандар.

Туризм мен креативті индустрияны біріктіру – бұл ең алдымен туризмді жаңа деңгейге шығарып, саланы дамытуға тың идеяларды енгізе отырып, жаңашыл бағытта ілгерілеуге септігін тигізеді. Нәтижесінде, жоғарыда аталған бағыттар қаланың жаңа бейнесін қалыптастырып және жаңа жұмыс орындарын ашып, экономика түсімін жоғарылатып, келуші туристер легін арттырады деген жоспар бар. Осы ретте, жастардың шығармашыл идеяларын қолдау мақсатында Шымкент қаласы әкімдігі жанынан түрлі сала өкілдерінен тұратын «Креативті кеңес» құрылды.

Индустриалдық аймақтар кәсіпорын ашуға оңтайлы
«Еңбек» бағдарламасының көмегімен өз кәсібін ашатындар көбейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу