Шымкентте діни туризм қанат жаюда

Oinet.kz 21-08-2021 456

Screenshot_3.jpg

Туризмнің ерекше түрі – діни туризмнің жандануы өңіраралық келуші қонақтарды тартуда маңызды рөлге ие. Мәселен, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Рухани жаңғыру» республикалық жобалық кеңсе өкілдері - Сайрам тұрғын алабында орналасқан Ибраһим ата, Қарашаш ана және « Хызыр» мұнараларын аралап, зиярат жасады. 

«Visit Shymkent» орталығының қызметкерлері - қала қонақтарын сәулетті кесенелер туралы тың мағлұматтар әрі қызықты деректермен құлағдар етті. Қожа Ахмет Яссауидің анасына арнап салынған - Қарашаш ана кесенесі мен әкесі Ибраһим ата кесенесі саяхаттаушыларды таңдандырды. Қазіргі таңда, Түркістандағы Ясауи кесенесін көруге аттанған адамдар, алдымен Сайрам жеріне атбасын бұру дәстүрі қалыптасып келеді. 

Айта кетейік, Шымкент қаласынан республикалық маңызы бар «Қазақстанның киелі жерлері» жобасына 10 шақты нысан енгізілген. Бұл деректің өзі шаһардың туристік әлеуетінің жоғары екендігін көрсетеді.

Жалпы діни туризм де жоғары қарқынмен дамып келе жатқан туризм саласы. Көптеген адамдар өз дінінің тарихын білу үшін рухани мекендерге жиі сапар шегеді. Туризмнің бұл саласы тарихы тым тереңде жатқан қалалар үшін өте тиімді. Ал Шымкент қаласының 2200 жылдық тарихы бар екенін ескерсек, Шымкентте діни туризмді дамыту аса маңызды.

«Интерактивті альбом» - қаланың туристік нысандарын тамашалауға мүмкіндік береді
Қала экономикасын дамыту мақсатында кәсіпкерлікті қолдауға 7 млрд теңге бағытталады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу