Шымкентте Тәуелсіздік жылдары 30-дан аса нысан ашылды

Oinet.kz 06-08-2021 536

Screenshot_15.jpg

Шымкент қаласында Тәуелсіздік жылдары мәдениет саласы зор қарқынмен дамыды. 1991 жылы қалада 52 мәдениет нысаны болса, 2021 жылы олардың саны 86-ға жетті. Яғни, тәуелсіздік жылдары 30-дан аса мәдениет және өнер нысаны ашылған.

Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі Шымкентте 2001 жылы қарашада Тәуелсіздіктің 10 жылдығы қарсаңында ашылған еді. Республика көлемінде қуғын-сүргін құрбандарына арналған алғашқы мұражай соңғы үлгідегі ерекше сәулеттік дизайнмен салынған. Қызыл, қара, сұр түспен өрнектелген. Музейдің ішкі залы киіз үйдің бейнесін береді, ал сыртқы көрінісі аспаннан түскен найзағайды бейнелейді. 

2011 жылы Шымкент қаласының әкімшілік іскерлік орталығында бой көтерген сәулетті ғимараттардың бірі – «Көрме» орталығы. Ашылғанына көп болмаса да, орталық халықтың көз қуанышына айналды. Алып нысанның жалпы ауданы 2600 шаршы метрді құрайды. Екі қабаттан тұратын орталық заманауи құрал-жабдықтармен толықтай жабдықталған. 

2014 жылы Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы пайдалануға берілді. Мұнда Қазақстандағы бар халықтың әдет-ғұрып және салт-дәстүрінен хабар беретін материалдар қойылған. Сондай-ақ үш зал бар, бірі – конференция залы болып есептелсе, қалған екі залда көрме ұйымдастырылған. Елбасының «Мәңгілік ел» идеясын арқалаған Қазақстанда теңдесі жоқ орталықта ғасырдан ғасырға жеткен рухани байлығымыз бен мәдени мұрамызды кеңінен насихаттауға, толыққанды зерттеуге жол ашылды. Дәстүрге дем, әдепке әр берген орталық ел аумағында бұған дейін салынбаған бірегей нысан. 

Таяуда ғана аталған орталықтың ұйымдастыруымен «ShymQala» этноауылында тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай өткен 30 баланың тұсау кесу рәсімі өте әсерлі өтті.

Тәуелсіздіктің 30 жылында қаламыз ғасырлар бойы бүкіл Азияның өнері мен мәдени мұрасы тоғысқан ірі орталыққа айналды. Сол замандардан бері Шымкент тұрғындарының бойында ерекше қасиет қалыптасты. Бұл – мәдениеттілік, іскерлік, қонақжайлылық және өзгеріске деген бейімділік.

Шымкентте көшелер жаңарып, қала көркі ашылуда
Шымкентте «Зағиптарға кітап сыйла» акциясы басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу