20 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылады

Oinet.kz 04-08-2021 458

Screenshot_9.jpg

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысын қабылдап, алты айда атқарған жұмыстарының есебін тыңдады. 

Жалы соңғы жылдары Шымкент қаласында кәсіпкерлік саласы кең қанат жайды. Адам саны көбейген сайын сауда-саттық, алыс-беріс те көбейетіні белгілі. Шымкент қаласы үлкен нарыққа айналып, бұл нарыққа өзге қалалардан кіргісі келетін резиденттер саны да артуда.

Басқарма басшысы Б.Дүйсебековтің сөзінше, биыл 6 айда қала экономикасына 131,8 млрд. теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 18,9%-ға артқан. 7 айда бұл көрсеткішті 165 млрд. теңгеге жеткіземіз деп отыр.  

Сонымен қатар, 2021-2025 жылдар жалпы құны 2,6 трлн. теңгені құрайтын 282 инвестициялық жоба іске асырылып, 20 мыңнан аса жаңа жұмыс орнымен қамтылатын болады. Оның ішінде, 2021 жылы жалпы құны 166,7 млрд. теңгені құрайтын, 2,5 мың жаңа жұмыс орнымен, 68 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарланған. Бүгінде 10,2 млрд. теңгеге 10 жоба жүзеге асырылған. 

Жалпы кәсіпкерлік қолдау картасы аясында бұл жылы 1 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 21 жобаны іске қосу көзделген. Қазіргі таңда оның 4 жоба іске қосылып, онда 100-ге жуық жұмыс орындары құрылды.

Кәсіпкерлік саласы Шымкент қаласының экономикалық драйверіне айналып, қала халқы кәсіпкерлерден құралатын күн алыс емес. 

Мұрат Әйтенов: Бәсекеге қабілетті өнімдер өндірісін ұлғайту керек
25 жоба іске асырылып, 2,3 мыңға жуық жұмыс орындары құрылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу