Құрбым менің әкемді айналдырып алды

Oinet.kz 03-10-2023 1519

Мектеп кезден бірге араласқан жан құрбым, əкемнің соңынан қалмай қойды. Осыған дейін құрбымен өте жақсы араласатынмын. Кішкентай кезімізден бір бірімізді жақсы танимыз. 

3.jpg

Анам қайтыс болғалы əкем екінші рет үйленгісі келмеді. Əкем еңбекқор кісі. Жұмыстан келіп үйдің алдындағы шаруалармен жүреді. Əкем ешқашан маған қатты сөйлегенде емес. Көбінесе қыбырлап тыңбайтын. Уақытты босқа өткізбей балық аулауға да шығатын. Өмірі ішімдік ұрыттаған емес. Содан да шығар əкем жас болып көрінетін. 

Ал құрбым жайында айтатын болсам. Екеуміздің мінезіміз екі түрлі. Ол ашық мінезді, мен болса салмақтымын. Ол жеңілтектеу əр бір нəрсе қызыға беретін көрсе қызар жəне əзілге де жақын. Əр дайым көңіл күйімді көтеріп отыратын.

Көбінесе мен уақытымды сонымен өткіземін. Арамызда бір бірімізден жасырған сыр құпиямызда болмайтын. 8 ші сыныптан бастап біз бір біріміздің үйімізге арасында қонып түнейтінбіз. Менікі сенікі деген сөзді қозғамайтынбыз. Қысқаша айтқанда бір нанды бөлісіп жеген күндерде болды. 

Бір күні құрбым үйге келді, телефонын уақытша пайдалануға алдым. Ол теледидар қарап отырған болатын. Ішін ашып қалсам менің əкеммен жеке сөйлескен жазбасын көріп, ауызым ашылып қай бетімді ұстарымды білмедім. Оған дейін оның жазбасын тексермейтінмін. Сенбеймін десем екеуінің сөйлесіп жүргені 3 ай көлеміндей ұзақ сөйлескен. Сол күні не түрткі болғанын білмеймін. Сайтан азғырдыма, мен өзімді ұстай алмай ашуға беріліп құрбыма шап беріп атылдым. 

Сұрадым "мынауың не енді?" деп. 

Ол сасып қалды. Сол кезде мен оның аузын ашқызбай шашынан ұстап ұрып тастадым. Жерге жығып шапалақпен салып салып жібердім. Ол қарсыластық көрсеткенде жоқ. Жылап кешірім сұрады. Мен аяусыз күйде айтпаған сөзім қалмады. 

"Жəлеп, жасы үлкен менің əкемде нең бар" деп, орнымнан тұрып онымен сөйлескім келмеді. 

Менікі де дұрыс емес шығар. Осы жақында мектеп бітіреміз. Өзімде түсінбеймін ондайды. Жазбаларының арасында махаббат жасқа қарамайды деп жазып жымиған смайликтер жіберген бір біріне. 

Сол күні құрбым жалынып кешірім сұрады. Өмірі былай шаш жұлысып төбелескенде емеспіз. Ашуым тарқағанда ол барлығын түсіндірді. 

Соңғы уақыттарда ол менің əкеме өзі бірінші хат жазған. Иə мойындаймын əкемнің мінезі жұмсақ. Құрбым өзі мойындады оған көз қырын салғанын. Үйге демалыс күндері келгенде жылтыңдап жымиып амандасатын əкемен. Сəнделіп сыланып жүретініде содан. Мен қалай аңғармағанмын. 

Əкеме əлі ештеңе айтпадым бұл жөнінде. Бірақ алдағы уақытта қалай болатыны білмеймін. Өзімде ыңғайсыз сезінудемін. Құрбымда түк болмағандай менімен сөйлесуін тоқтатқан жоқ. Не істерімді білмеймін.

Жарқанаттың хатынан

Үлкен келіншек айласын асырып, мені қармағына түсірді. Әлі өкінемін
Перашкі сатып күн көретін келіншектің қыздарына берген тәрбиесі елді сүйсіндірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу