Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
- Мам әбден шаршаттың, меніңде өмір сүруім керек. Бала шаға, немерелерім бар ғой. 6-жыл болды сені баққаныма. Сенімен қашанғы алысам. Ертең ұл-келін келеді. Олардың бетіне қалай қараймын?! Сенің түрің мынау. Не жүре алмайсың, не ашып ештеңе айтпайсың. Менен де басқа балларың бар, біреуі шешемді алайын демейді. Қашаңғы қыздың қолында тұрасың?! Менде шаршадым сені бағам деп, ғұмырымның жартысы сені бағумен өтетін боллы. Уф!
- Айман қызым айналайын. Жасым сексеннен асқанда қаңғырып қайда барам енді? Аяңдаршы мені. Төріменен көрім жақын тұрғанда не істим? Аяқ құрғыр жүрмейді, әйтпесе сендерге жалынам ба? Ұлдың түрі анау ішуден қолы босамайды. Қартайғанда қаңғырып кімнің босағасына телмірем?!….
- Қаладағы үйіңе бар. Ішінде бәрі дайын.
- Жүре алмаймын ғой қызым-ау. Әйтпесе сендерге жалынбай ақ кетер ем. Мен сенің қолыңа еріккеннен кеп отыр дейсің бе? Жалғыз қыз деп саған кеп едім. Сенде сыйдырмадың. Сенген қойым сен болсаң.
-Қысқасы киім-кешегіңді сумкаға жинап-теріп салып қойдым. Дәрілерің көк пакетте. Бүрсігүні таксиге салып жіберемін, өзі үйге апарып, кіргізіп жібереді. Қасыңа квартирант тауып берем. Сенің қасыңа тегін-ақ тұра берсін. Шәй, тамағыңды істеп, жетісіне бір моншаға жуындырып тұрса болды.
- Ее естімек сөзім осы екен ғой. Менің пешенеме бақытты ғұмыр жазбапты. Қыздан қызық көрем ба деп едім. Сенің айтып отырғаның мынау.
- Қойш мам. Бақандай 6-жыл асырадым.Басқалардың да кезегі келді.
- Енді 5-баласы бар, жалғыз шешелерін сидыртпай қуып жіберіпті демейме, елден ұят ғой.
- Ел, ел, ұят деп болғанбыз. Ит үреді, керуен көшеді. Елден сөз қалған ба айтып-айтып қояды. Болды артық әңгімемен басымды ауыртпа. Айтпақшы пенсияңды өзім алып жинап отырам.(2-күн өткен соң)
- Мам кәзір таксиің келеді, тездетіп шәйіңді ішіп ал.
- Маған енді қара су ғана ішіп, ажалымды тосу ғана қалды. Баладан қайыр болмады. Баладан қайыр болмады енді тып-тыныш ғана қара шаңырағыма барып ажалымды тосайын.
- Ой бірнәрсе болса ажал-ажал деп қоймайды екенсің. Казір такси үйіңе кіргізіп жібереді. Сағ 10:00 таман квартирант келеді. Соларды тос. Артық әңгіме айтпай, тып-тыныш отыр. Шәй-пайыңды, сүтіңді, фаршты сумкаға салып қойдым. Барған соң холодильнткке сал. Айтпақшы папмперсіңді де салдым. Кешке киюді ұмытпа, өзің ептей алмасаң квартирант қыз көмектеседі. Мә мынау телефоның, шұқылап тастамай қойып қой. Анад-санда звондап тұрам. Жә жарайды жүр таксиің келді.
Ал жақсы мам, кілт сумкаңда. Барған соң хабарласам.
- Ее бала бер, бала берсең сана бер деп бекер айтпаған екен. Қайтейін бар ғұмырымды осыларды жеткізем деп өткіздім. Жалғанда жан баласына жамандық жасамап едім. Осындай күйге түсем деп кім ойлаған?!
Балам мені қаладағы қарттар үйіне апар. Енді барып біреудің қас-қабағына қарағым келмейді. Қалған ғұмырымды сонда өткізейін.
- Жақсы, жақсы апа. Айтсаңыз болды.
- Сен Қадырдың ұлысың ба?
- Ияя дәл өзі.
- Ее айналайын әкеңмен қызметтес болып едік жарықтық жақсы адам еді.
Айналайын саған соңғы өтінішім мә мынау тура 50-мың тг . Осыған маған 25 метр ақ зон (ақырет), құман, кәритә. Сүйекке түскендерге сыйытын әкеп берші. Соңғы өтінішім болсын.
- Ой апа неге асықтыңыз?
- Балам ау мен төрімнен көрім жақын адаммын. Ажал мені тоспайды. Алдын-ала дайындала берейін. Кейін бәрі тығыз боп кетеді
- Жақсы апа бұныңызда дұрыс шығар.
- Айналайын рахмет Қадырдың ұлы. Бала шағаңның қызығын көр...
- Апаны қарттар үйіне апарып, ақ зонын, керек жарағын апарып бердім. Жылап жіберді. Қартайғанда оңайма. Осы оқиға болғалы 3-жыл өтті. Апа келместің кемесіне мініпті. Қараусыз қалғандар зиратына апарып қойды. Шалының қасынан орын бұйырмады. Соңғы сапарына 5*баланың біріде келмеді. Өкінішті.