Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Арада екі ғашық ажырасып кеткеніне 10 жыл өтіп кетіпті! Өмірдің қызығын қарашы тура 10 жыл өткенде, кездесу сәтін саларма еді! Аэропорт жігіт асығыс үсігіс жеттім ау деп отырғаны сол еді.
Самолеттерге қарап тұрған баласы бар әйел көрінеді көзіне, қасында тағы 2 бала айналып ойнап жүр! Тамаша көрініс жігітке бір жақсы көңіл сыйлайды, сол ақ екен сол әйел жалт етіп бұрылып қалғанда, 10 жыл бұрынғы өзінің ғашығы екенін көргенде аң таң болып қалған жігіт, тілі күрмеліп қалады. Қасына баруға батыл қадам жасап, бұл сенбісің, қалың қалай? Дегені сол, орамал оранған әйелде таңырқап, ең қызығы бірден танып қалады. Екеуі қал жағдайын сұрап, әңгіме шертісіп кетеді. Жігіттің ішкі жан дүниесі өртеніп барады. Қуаныштан ба екен, жоқ әлде сағынышпа екен, беймәлім!
Жігіт: Балаларың тәп-тәтті екен! Өзіңе құсапты
Қыз: Рахмет. Айтпа, менің тегін копияларым ғой!) Өзіңнің балаларың барма?
Жігіт: Ия, әрине. Менде бірақ көп) Есіңдеме... Ай, кешір.
Қыз: Ия, есімде көп баланы қалаушы едің ғой, көп шығар. - деп жалғастыра жөнелді.
Жігіт: Рас, менде 6 бала. 3 ұл, 3 қыз.
Қыз: ммм. Күшті. Сен сияқты әкелері бар бақытты шығар?
Жігіт: Олар менің бақытым! Сенің күйеуің бақытты шығар, сендей жан барына!
Қыз: Ақырын, басын төмен түсіріп, терең деммен иааааа! Әйелің мықты екен 6 сәби әкелген.
Жігіт: аааа. Тоқта. Ол сәбилердің анасы жоқ.
Қыз: Ой кешірші. жаныңды ауыртқым келмеді. Иманды болсын. Рас кешірші.
Жігіт: Жоқ. қателесесің. Олар жетімдер. Есіңдеме мен саған айтып едім ғой, жетім балаларды әттең шамам келсе бәрін асырап қамқор, мейірім сыйлар едім. Бірақ жағдайға қарап асыраймын, деп. Екеуміздің де баламыз болады, оларды да бағамыз деп. Міне сол сөзімде тұрдым. Бірақ менде сен жоқсың, олар бар. Мен соғанда бақыттымын.
Қыз: Көз жасы толып жүрегі елжіреген қалпы не дерін білмей қалды. Тек ішіндегі ойы ғана мазалап тебіреніп тұрды. ( Жаным, менің сүйіктім, мені бақытты дейсің бе? Кешірші мені, саған бақыт сыйламағаным үшін, сенен бас тартқаным үшін. Мен солай жақсы болады деп ойладым. О, жаратқан ием, қалай оған жеткізейін осының бәрін, мен сені сағындым ғой. Менің өмір сүріп жүргенім тек осы балалар үшін ғой. Кешірші мені)
Аэропорт диспетчері ұшақтың жолаушыларына хабарландырып жатқан дауыс естілді де.
Жігіт: Міне, менің ұшағымды жариялап жатыр, жақсы, бақытты бол, мен кетуім керек деп кетіп бара жатты. Бұныңда ішінде мазалаған ой жатыр еді (Аллам, саған мыңда бір алғыс, бір көріп жағдайы жақсы екенін әйтеуір білдім ғой, Жаратқаным, тек көзін жасқа толтырмашы, рас байқадым әлі де сол кездегідей сеземін, ол мені сүйеді екен. Мені енді ұмыттыруға өзің себіңді тигізе көр, Аллам.)
Жүзінде күлкі, көзінде ыстық шоқтай жастың толғаны сонша, екі көзі жарқ жұрқ етіп кетіп қалды.
Қыздың тоқташы дегісі келгендей болды. Жігітте тоқтап қалғысы келді. Әттең бірақ болмайды!