Отбасын жоспарлау маңызды қадам

Oinet.kz 19-11-2019 2591

Screenshot_6.jpg

Отбасы-шағын мемлекет. Ал шаңырақ көтерсеңіз мемлекетіңіздегі бала санын қашан көбейтетініңіз туралы алдын ала жоспарлау керексіз. От басын жоспарлау - бұл кейбір жеке адамдар мен ерлі - зайыптылардың қалаулы емес жүктіліктен сақтануына, дүниеге келетін  сәбилердің уақытымен ,санын реттеуде еркін және жауапты шешім қабылдап,осы таңдауды қадағалауға арналған шаралар жиынтығы. Басқаша айтқанда, отбасын жоспарлау – баланы кездейсоқ емес, жоспарлы түрде өмірге әкелу деген сөз.

Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығының қалыптасуына теріс ықпал ететін факторлар ретінде жыныстық қатынастардың ерте басталуы, олардың арасында жыныстық жолдар арқылы берілетін жұқпалы аурулардың көбеюі, сондай-ақ темекі мен ішімдікке әуестілігі қоғамыздың ертеңгі күні дүниеге дені сау ұрпақ алып келуіне күмәндіміз.. Жас қыздардың жоспарланбаған жүктіліктен жасанды түсік тастауы- болашақ ананың ұрпақты болу денсаулығына кері әсерін тигізері анық және тастанды балалар қоғамымызда әлеуметтік жетімдер санының артуына себепші факторлардың бірі.

Жалпы айтқанда ,жанұяны жоспарлаудың негізгі мақсаты –ана мен нәрестенің денсаулығын қорғау және жалпы халықтың денсаулығын жақсарту болып саналады. Жүктілік ана организміне түсетін үлкен салмақ болғандықтан, жүктілікке алдын-ала дайындалған дұрыс.Егер әйелде қандайда бір созылмалы ауру болған жағдайда емдеп, гинекологқа қаралып жыныс жолымен берілетін инфекцияларға анализ тапсырған дұрыс. Болашақ аналарға арналған дәрумендерді қабылдауды ұсынуы және ішу себебін түсіндіріп айтуы мүмкін. Болашақ ана зиянды әдеттерден бас тартқаны жөн. Сонымен қатар, жоғардағы айтылғаны ғана емес, жалпы адамның физикалық және ой жүйесі мен әлеуметтік жағдайының да сау болуы.

Балаларды туу үшін қолайлы жас 20 мен 30 жас аралығы.Туу аралығының ұзақтығы кем дегенде 2- 2,5 жас болуы керек, бұл әйелдің келесі туғанына дейін күш жинауына мүмкіншілік береді, өзінің және келекшектегі туатын балаларының денсаулығын сақтайды. Сақтандыру әдісін таңдау оңай шаруа емес, оны дәрігермен біріге кеңесе отырып шешкен дұрыс.Түсіктің қандай түрі болмасын – бұл үлкен қауіп, келешекте әйел бала туа алмауы мүмкін.

Т.Тоқбергенова,

Төлеби аудандық емханасының акушер-гинекологы

Қайынжұртшыл жігіттер көбейіп барады
Әлемдегі әскері ең күшті 20 ел
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу