Шымкент: Газ құбырларын жаңарту инвестициялық бағдарламасы іске асуда

Oinet.kz 20-09-2024 166

6.jpg 

Президенттің  тапсырмасы бойынша жүзеге асып жатқан «Тарифті инвестицияға айырбастау» саясаты бойынша Шымкентте бірқатар жұмыстар қолға алынуда.

Жуырда Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті және «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Шымкент өндірістік филиалы газ тасымалдау және сату қызметтерінің инвестициялық бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысу үшін баспасөз турын өткізді.

2021-2025 жылдарға арналған бес жылдық инвестициялық бағдарлама, жалпы сомасы 4 000 708 мың теңге, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті мен ҚР Энергетика министрлігінің бірлескен бұйрығымен бекітілген. Қаржыландыру негізінен меншікті қаражат, яғни тарифтегі пайда және амортизация арқылы жүзеге асырылады.

2023 жылы бағдарламаның іске асырылуына 1 434 159,36 мың теңге бөлінген. Бұл қаражаттың негізгі бөлігі мынадай жобаларды қамтиды:

- Түркістан облысында, Шымкент қаласында өнеркәсіптік және коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындар мен көпқабатты үйлерді газбен жабдықтау үшін газ құбырларын салу. Бұл жобаның жалпы сомасы 1 204 029,23 мың теңгені құрайды, өткен жылы басталған және қазір аяқталу сатысында.

- Түркістан облысындағы 10 газ құбырын ауыстыру жұмыстарына 228 840,13 мың теңге жұмсалды, жұмыстар толық аяқталды және объектілер пайдалануға қабылданды.

Бұл бастамалар Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы газ инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған және жергілікті тұрғындардың газбен қамтамасыз етілуін арттыруға мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда Шымкент қаласындағы өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындар мен көп қабатты үйлерді газбен жабдықтау үшін салынған газ құбырларының жаңғырту жобасы толық іске асырылды. 2022 жылдан бері өтпелі объект ретінде қаралған жобаның жалпы құны 1 204 029,23 мың теңге болды, 38 376 көлемде құбыр салынды.

2022-2023 жылдары жүзеге асырылған жобаның нәтижесінде 73 061,89 көлемді құбыр төселді, оның 30,266 км-і полиэтилен, ал 42,796 км-і болаттан жасалған. Жобаға жұмсалған жалпы қаражат 2 037 587,612 мың теңгені құрады.

Жобаның негізгі нәтижелері:

- Газ құбырларының тозу деңгейі 31,4%-дан 29%-ға дейін төмендетілді;

- Жерасты болат газ құбырларынан полиэтилен құбырларға көшу арқылы пайдалану мерзімі 35 жылдан 50 жылға дейін ұзартылды;

- Газ тарату желілерінің схемасы мен диаметрлері оңтайландырылды, тұтынудың соңғы нүктелеріндегі қысымның жоғалуы азайтылды;

- Газ құбырларының өндірістік қуаты артты;

- Жерасты және жер үсті газ құбырларын жаңарту арқылы технологиялық ысыраптар төмендеді;

- Негізгі жабдықтың сенімділігі артты;

- Тозу салдарынан авариялық жағдайлардың пайда болу мүмкіндігі жойылды.


Шымкент: Лифтілердің қауіпсіздігіне басымдық берілуде
Балалар әдебиетінің бәйтерегі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу