Балалар әдебиетінің бәйтерегі

Oinet.kz 20-09-2024 161

7.jpg 

Шымкенттегі «Әл-Фараби» атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында өтетін жазушы Б.Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-көпшілік конференциясы өтті.

Конференцияға Шымкент қаласының әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы және шетелдік және елімізге белгілі Б.Соқпақбаевтың шығармаларын зерттеп жүрген ғалымдар мен профессорлар қатысты.

Әдебиет саласын зерттеп жүрген ғалымдар басқосуда жазушыға қатысты тың деректермен бөлісті.

Ал ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар Одағы Астана қалалық филиалының төрағасы Дәулеткерей Кәпұлы оқырман жүрегінен ойып тұрып орын алатын бабалар әдебиетін биік деңгейге көтерген Бердібек Соқпақбаев шығармашылығындағы шынайылықты, әділдікті, ерекше талантпен үйлесім тапқан көркемдікті атап өтті.

Өз кезегінде «Әл-Фараби» атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Анар Жаппарқұлова республикалық «Бір ел – бір кітап» жобасы аясында жазушының шығармалары алдағы уақытта ел көлемінде насихатталатынын, әлемдік және отандық ғалымдардың басын қосып «Балалар әлемінің бәйтерегі» атанған қаламгердің әңгімелері мен повестері білім ордаларында, мәдени орталықтарда кеңінен қамтылатынын жеткізді.

Конференция барысында Шымкент қалалық жасөспірімдер және қуыршақ театры жазушының «Менің атым – Қожа» повесін сахналады

Жалпы, Бердібек Соқпақбаевтың барлық туындыларында оның шығармашылығының қайнар көзі халық өмірінен бастау алғандығында. Бейнелеу қабілеті өте бай, шебер жазушы өз кейіпкерлерінің портетін шебер суреттеп, әрқайсысын өзіне тән тілде сөйлететіндігінде. Кейіпкердің ішкі күйзелісі мен ой-пікірлері жазушының басты көркемдік әдісі болып табылады.

Түптеп келгенде Бердібек Соқпақбаев тірі кезінде-ақ қазақ балалар әдебиетінің классигі деп аталып кетті. Оның кітаптары ешқашан кітапхана мен дүкен сөрелерінде шаң басып жатқан емес.

Ал дарынды жазушының шығармашылығына арналған келелі жиынды Алматы қаласында өткізу жоспарлануда.


Шымкент: Газ құбырларын жаңарту инвестициялық бағдарламасы іске асуда
Шымкент: Жедел жәрдемшілерге арналған семинар өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу