Шымкент: Жедел жәрдемшілерге арналған семинар өтті

Oinet.kz 20-09-2024 253

8.jpg 

Алғашқы медициналық көмек денсаулық сақтау саласының ең маңызды бөлімі саналады. Оны тіпті медицинаның негізі деп те атауға болады. Адам өмірін сақтап қалу дер кезінде көрсетілген медициналық көмекке байланысты.

Медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) жалпы денсаулық сақтау жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Тиімді медициналық-санитарлық алғашқы көмек халық денсаулығын жақсартуды, пациенттердің қанағаттанушылығын және денсаулық сақтау саласына жұмсалатын жалпы шығындарды азайтуды қамтамасыз етеді.

Осы орайда Шымкентте МСАК ұйымдарының медициналық персоналын бейінді қызметтердің мамандарымен міндетті түрде бірлесіп оқытуға және көмек көрсету кезінде олардың өзара іс-қимылына және сабақтаса жұмыс істеуіне мүмкіндіктер жасалып келеді.

Нақтырақ айтсақ, қаладағы МСАК ұйымдарында жұмыс атқаратын жедел медициналық жәрдем көрсету фельдшерлеріне семинар өткізілді. Семинарға 117 фельдшерлер қатысып, тәжірибе жинақтауға мүмкіндік алды. Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Семинардың негізгі мақсаты- жедел медициналық жәрдем бригадаларының көрсететін медициналық қызметінің сапасын жақсарту болатын.

Тәжірибе барысында мамандар асқазан зондын қою техникасын, зәр шығару катетерін қою техникасын, перифериялық веноздық катетерді енгізу алгоритмі және ұзақ мерзімде ауырған науқастарға трахеостомиядан кейінгі күтім жасау тәжірибелерімен алмасты. Білікті мамандар басқосқан семинарда тәжірибе жинақтаған фельдшерлер алған тәжірибелерін күнделікті жұмыстарында тиімді пайдаланатындықтарын жеткізді.

Жалпы медицинада тәжірибе алмасудың маңызы өте зор. Осындай тиімді басқосулар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.  


Балалар әдебиетінің бәйтерегі
Шымкент: Әскерилер үздік әдіскерді анықтады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу