Шымкент: Лифтілердің қауіпсіздігіне басымдық берілуде

Oinet.kz 20-09-2024 264

5.jpg 

Шымкент қаласында көпқабатты тұроғын үйлердегі лифтілердің қауіпсіздігі мен тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Бұл туралы  Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы – Мерлан Керімжанов мәлім етті.

Қалада жалпы 1233 лифт бар, оның ішінде 941-і тұрғын үйлерде, 58-і денсаулық сақтау мекемелерінде, 50-і мектептерде, ал 184 лифт сауда орталықтары мен қонақ үйлерде орналасқан.

2024 жылдың басынан бері 70 лифтке комиссиялық сынақтар өткізіліп, 69 лифт ресми тіркеуге қойылды. Қазіргі уақытта жүк көтергіш құралдарды тіркеу «Egov.kz» порталы арқылы электронды түрде жүзеге асырылуда.

Лифт шаруашылығының жаңғыртылуы да назардан тыс қалған жоқ. Үкіметтің «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында жергілікті бюджет есебінен ағымдағы жылы 24 лифтіні жаңарту жоспарланып отыр. Бұл жұмыстарға «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС жауапты.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қызмет көрсетуші мекемелердің жауапкершілігін арттыру мақсатында, тұрғындардан келіп түсетін шағымдар мен өтініштер «Айкөмек 109» байланыс орталығымен интеграцияланған. Нәтижесінде, лифттердің тоқтап қалуы немесе ішінде адам қалып қою жағдайлары тіркелген жағдайда, қызмет көрсетуші мекемелер жедел әрекет етіп, мәселелерді уақтылы шешуге міндеттелген.

Қала әкімдігі бұл бағыттағы жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстап, тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын басты назарда ұстап отыр.

Сонымен бірге Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы газ техникалық инспекция бөлімінің қызметкерлері және басқа да ұйымдардың қатысуымен қала тұрғындарына газбен байланысты қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Жыл басынан бері үгіт-насихат жұмыстары аясында 42 көшпелі жиын, 54 мақала мен брифинг, 19 дөңгелек үстел және 53 500 дана жадынама таратылды. Бұл ақпарат БАҚ және әлеуметтік желілерде тұрақты жариялануда.

Үй ішілік газ құрылғыларына қызмет көрсету мекемелерімен (ВДГО) 109 I-көмек ситуациялық орталығы арқылы интеграция жүргізілді. Тұрғындар осы орталыққа хабарласып, ВДГО қызметтері мен сыни ескертпелер туралы ақпарат ала алады. Сонымен қатар, «КазТрансГазАймақ» АҚ арнайы видео роликтер таратуда, ал газ бақылаушылар қауіпсіздік туралы жадынамаларды үй-үйге таратуда.

Газ және газбен жабдықтау қауіпсіздігі бойынша заң талаптарын бұзу фактілері бойынша 2024 жылы 88 адам жауапкершілікке тартылып, жалпы айыппұл сомасы 1 212 822 теңгені құрады.


Шымкент: Заңсыз құрылысқа бақылау күшейтілді
Шымкент: Газ құбырларын жаңарту инвестициялық бағдарламасы іске асуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу