Мен және менің жасөспірім балам(дөңгелек үстел)
Мақсаты: Жасөспірімді үлкен өмірге әзірлеудегі ата- аналардың рөлі туралы мағлұматтар бере отырып,пікір алмасу, жасөспірім дүниетанымын, қабілетін,дарынын дамыта отырып, білімді, салауатты ұрпақ тәрбиелеуде мектеппен ата- аналар арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру.
Өткізу әдісі: Дөңгелек стол
Барысы: 1.Жиналысқа қатысып отырған ата- аналарды А, О, П белгілерін тарату арқылы 3 топқа бөлу.
2. Әр топқа тапсырма беру дайындалуға 5 минут уақыт беріледі
3. Топ бойынша ортада қорғау (5-10 минут)
4. Аудиториядағы ата- аналарға сұрақтар қою
5. Алдын – ала алынған сауалнама мониторингі
Психолог: Ата- аналармен жүргізілетін жиналыс «Мен және менің жасөспірім балам» тақырыбында өтпекші.
Жиналыс басталар алдында таратылғанА,О,П белгілері бар ата- аналар таратылған белгі бойынша топтасуын сұраймын.
А- тобына «Жасөспірім кім» деген сұрақ қойылады.
О- тобына «Бала тәрбиесіне отбасының тигізер ықпалы»
П- тобына «Жасөспірім және сыртқы орта» дайындалуға 5 минут уақыт беріледі.
Психолог: Болашақтың иесі жас – ұрпақ. Жасөспірімдерді есті, саналы, сергек білімді етіп тәрбиелеу бала дүниеге келген күннен бастапотбасында, қоғамдық орындарда, балабақшада, мектептерде, тәлім- тәрбие беріледі.
Жасөспірім тәрбиесі ортақ мәселе болғандықтан , құрметті ата- аналар сіздерге сұрақ қойғым келіп тұр.
1-сұрақ: Жасөспірім балаңыздың мінез- құлқынан қандай өзгерістерді байқадыңыз?
2- сұрақ: Сіздің жасөспірім балаңызбен қарым- қатынасыңыз қандай? 3- сұрақ: Мұғалімнің немесе мектептің ата- аналармен ынтымақтасуы дегенді қалай түсінесіз?
Ата- аналар өз ойларын ортаға салады.Бұдан кейін ата- аналар белгілері бойынша топқа бөлінген өздеріне берілген тапсырма бойынша ортаға шығып ойларын айтады. Психолог: Құрметті ата- аналар! Өздеріңізге белгілі осы жиналыс болар алдында ата- аналардың жасөспірім тәрбиесіндегі ролін анықтау мақсатында бірнеше сұрақтардан тұратынсауалнама жүргізген болатынмын. Осы анкетаның ішіндегі ең нақты деп саналатын сұрақтардың көрсеткішімен сіздерді таныстырғым келіп отыр. Сұрақ: Тәрбиенің қандай түрін тиімді деп санайсыз (заттай сыйлық, сөзбен мақтау,сөзбен сөгу, ұру, әңгімелесу)
Жиналысты қорытындылай келе біздің халқымыз үшін жасөспірім тәрбиесі бір ғагна отбасының немесе мектептің жеке ісі емес , ол бүкіл қауымның шұғылданатын кешеніне айналып отыр.Жасөспірімдерді саналы, тәрбиелі,әдепті, білімді,ойы жүйрік, логикасын терең етіп тәрбиелеу, алдын тәрбие ережелеріне сүйене отырып , ұлттық дәстүрді, әдет- ғұрыптарды , дінімізді балалардың санасына сіңіре білу ата- ананың, мұғалімнің басты міндеті. Ол үшін осы мақсатқа жету үшін жасөспірімдермен жүргізілген тәрбиенің бірден- бір тиімді жолы жасөспірімдерді психологиялық тәрбиелеуге баулу болмақ.