Ашық сабақ. Математика. Көпмүше және оның стандарт түрі. Көпмүше дәрежесі
Сабақтың тақырыбы: Көпмүше және оның стандарт түрі. Көпмүше дәрежесі. Көпмүшелерді қосу және азайту.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін жинақтау, жүйелеу, қорытындылау, көпмүшелер анықтамалары мен қасиеттерін қолданып есептер шығару;
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, өздігінен жұмыс жасау,іздену, шығармашылық қасиеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Бірлесе жұмыс істеуге, бір-бірлерін тыңдауға, шапшаңдыққа, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білім мен дағдыны қорытындылау, жүйелеу сабағы.
Оқу әдісі: Топтық жүйе, сыни тұрғыдан ойлау технологиясы.
Сабақта қолданылатын стратегиялар: Ой толғаныс, жұптасып оқу, жұптасып талқылау, ой қозғау, ассоциациялық карта, оқырман жауабы.
Пән аралық байланыс: әдебиет, дене тәрбиесі.
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, маркер, парақтар, деңгейлік тапсырмалар, үлестірмелі парақтар.
Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру (амандасу, сыныпта психологиялық ахуал туғызу).
2. Үй жұмысын тексеру (математикалық диктант). 3. Қызығушылықты ояту (ой қозғау стратегиясы). 4. Ассоциациялық карта құру. 5. Топпен жұмыс (мақалдың ішіндегі барлық сан есімдерді қолданып, көпмүше жазу). 6. Сергіту сәті (егер сұрақтың ақиқат жауабы бар болса қолдарыңды жоғары көтересіңдер, ал ақиқат жауабы болмаса, онда қолдарыңды алға созасыңдар).
7. Оқулықпен жұмыс. 8. Тест жұмысы. 9. Оқушылардың білімін бағалау. 10. Қорытындылау, үйге тапсырма.
1.Сабақтың барысы: Оқушыларды үш топқа бөлу, топ басшыларын анықтау, топтардың сабаққа даярлығын, қатысуын шолып өту.
2.Үй жұмысын тексеру (математикалық диктант, стикерге жазады). А) Көпмүше дегеніміз не, мысал жаз. Ә) Бірмүшеге 3 мысал жазыңдар. Б) - 12а³в⁴с⁷ бірмүшесінің дәрежесін тап. В) 3х²-4х+1-х²+3х-7 көп мүшесін стандарт түрге келтіріңдер. Г) Ықшамдаңдар: (а²в⁴)³
3.Қызығушылықты ояту (ой қозғау стратегиясы). Бірмүше, көпмүше, дәреже ұғымдарын қолданып, 4-6 жол өлең шығару.
4.Ассоциациялық карта құру. (Берілген тапсырмаларды топпен шығарып, бірін бірі тексеріп, есепті постерға түсіру және оны қорғау).
Тапсырмалар: 1 ТОП 2 ТОП 3ТОП
Көбейтуді орындаңдар: 3а*(-4в⁵); 7с²*5с⁹; ав*9а*4в. Бірмүшені дәрежеге шығарыңдар: (3а⁷)²; (-2х⁴у³)³; (к²пр⁵)⁵. Ұқсас мүшелерді біріктіріңдер: 6ке+е-5ке-е; 5п-3+п+6; 4а-5в+5в+4а. Өрнекті ықшамдаңдар: (х+у) + (х-у); (а²+2ав+в²)-(а²-2ав+в²); (а²-а+1)-(а+1).
5.Топпен жұмыс (мақалдың ішіндегі барлық сан есімдерді қолданып, көпмүше жазу). Жалқаудың екі досы бар, бірі – ұйқы, бірі – күлкі. (тағы екі мақалды өзбеттерімен жазып, көпмүшелер құрастыру және оны постерге түсіру).
6.Сергіту сәті (егер сұрақтың ақиқат жауабы бар болса қолдарыңды жоғары көтересіңдер, ал ақиқат жауабы болмаса, онда қолдарыңды алға созасыңдар).
A)15⁰= 15 т.б. Б) Дәрежені дәрежеге шығару үшін негізін жазып, дәреже көрсеткіштерін көбейтеміз.
В) Негіздері бірдей дәрежелерді көбейту үшін негізін жазып, дәреже көрсеткіштерін азайтамыз. Г) Көпмүше дегеніміз бірнеше бүтін сандардың қосындысы. Д) Көпмүшені стандарт түрге келтіру үшін ұқсас мүшелерін біріктіреміз.
7.Оқулықпен жұмыс. Топпен есептер шығару:
1 топ: №193 (1); № 195 (1); №198 (1). 2 топ: № 193 (2); №195 (2); №198 (2). 3 топ: №193 (3); №195 (3 ); №198 (3).
8.Тест жұмысы.
9. Оқушылардың білімін бағалау (білім парағы бетіне шолу жасау, жинап алу).
10. Қорытындылау (нені білдім, тағы нені білгім келеді сұрақтары бойынша оқушылардың ой түйіндері. Өздері қалаулары бойынша смайликтер таңдап, постер бетіне жапсыру). 11. Үйге тапсырма: № 194,196,210,213.