Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Қарағанды облысы
Шет ауданы
С.Сейфуллин кенті
«Балдәурен» балабақшасы
Тәрбиеші:Ақтаукенова Ботакөз
Жаңа жылдық ертеңгілік
Төрлет Жаңа-жыл!
Жүргізуші:Келді міне жаңа-жыл сәуле шашып,
Құлпырады табиғат нұры тасып.
Жаңа жылды ағайын қарсы алайық,
Қарсы алайық кәнекей ән-салайық.
Алланың нұры жаусын әр үйге,
Жақсылықты тілеймін бар әлемге.
Жаңа-жылда әр үйге бақ дарысын,
Қуанышпен ақ тілек ақтарылсын.
Құттықтау сөз: «Балдәурен» балабақшасының меңгерушісі: Макажанова Сәуле Набиқызына беріледі.
Жүргізуші:Балалар шыршамыз қандай әдемі,ал, біз оның шамын жақсақ ол оданда әдемі болып кетеді.Қане, бәріміз бірге «шырша шамы жарқыра» дейікші?
Балалар: «Шырша жамы жарқыра» (3рет)
Жүргізуші:Ерте заманда Мезгіл атты батыр өмір сүріпті.Ел-халық қамын ғана ойламапты.Оның үш ұлы, бір қызы болыпты. Батыр әке ұлдары мен қызының өнерлі, данышпан болуын арман етіпті.Бір күні төртеуін шақырып алады да былай дейді:
-Қарақтарым, батырлық бойға біткен қайрат пен елге деген махаббаттан, сүйіспеншіліктен туады.
Сендердің бойларында осы екі қасиеттің екеуі де бар. Енді төртеуің әлемнің төрт тарабына тарап өнер үйреніп келіңдер. Өнерлерің тек өздерің үшін емес, халық игілігіне ассын,-деп балаларын ұзақ сапарға шығарып салады.
Жүргізуші:Ай өтіпті, ұлдары мен қызы оралмапты,жылдар өтіпті оралмапты. Мезгіл батыр да қартая бастапты. Балаларын сағынған әке тау жотасына шығып, балаларын күтеді екен.
-Бір күні үлкен ұлы-Қыс оралыпты.Кигені үлкен тұлып тон,аяғында-пима, басында-түлкі тымақ.
Қыс:-Армысыз, әке!
Мезгіл батыр:-Бар бол ұлым. Байлықпен оралдың ба? Не өнер үйреніп келдің?
Қыс:-Әке, түсінгендерге өнерім байлық болар, түсінбегендерге зәрлі болар.Әйтеуір үлкен, кішіге қуаныш әкелдім.
Мезгіл батыр:-Көрсет онда өнеріңді?
Қыс:-Әке, қыс жыл басы ғой, олай болса «Балдәурен» балабақшасының бүлдіршіндері өлең-жырларын, ән-билерін биылғы келе жатқан жаңа жыл мерекесіне арналған «Төрлет-Жаңа жыл!» атты ертеңгілігін тамашалауға ұсынамын.
Ақнұр:Бізді байтақ далада,
Асқар тауда, қалада.
Биыл ғажап іс болды,
Таңғажайып қыс болды.
Ханифа:Жасыл шырша орманнан,
Бізге арнайы келіпті.
Ойыншығын балалар
Шыршаға әсем іліпті.
Аяулым:Әсем шырша сәнденген,
Өз аңдарын күтеді
Жаңа жылмен бірге біз,
Орманға кеп жетеді.
Аяулым:-Ескі жыл қайдасың?
-Балалар!әне өзі де келе жатыр.
Ескі жыл Жылан:Балаларым, балғындарым,
Алғысым көп айтар менің
Мен ескі жылмын.
Ал, бүгін қарсы алыңдар Жылқы жылын.
Хормен: Төрлет қане жаңа жыл.Төрлет қане жаңа жыл.
Ән: «Жаңа жыл»
Ғажайып сәт:Бозжорға келеді.
-Саламатсыздар ма тойшыл қауым!
Армысыздар!
Балалар:Саламатсыз ба Жаңа-жыл!
Жүргізуші:Мәссаған,балалар мынау кәдімгі Бозжорға ғой!
Биылғы жыл басы Жылқы екен.
Балалар Бозжорғаға арнап ән айтып,би билеп берейік.
Би: «Бозжорға»
Ескі жыл Жылан:Жасампаз заман
Бұл заман.
Бүгіннен ертең ғаламат.
Ал,халайық қарсы ал,
Келді міне, жаңа жыл.
Балалар менімен ойын ойнауға қалай қарайсыздар?
Ойын: «Жыланның құйрығын ұста»
Балалар: Ойнаймыз.
Жылан:Балалар,мен сендермен бір жыл бойы бірге болдым,енді қоштасатын кез келді. Сау болыңдар! (кетеді)
Жүргізуші:-Балалар,қараңдаршы шыршамыз қандай әдемі!Жасыл шыршамызға арнап тақпақ айтайық.
Ә.Нұрасыл: Жаңа-жылмен,жаңа-жылмен,
Құттықтаймыз әрине.
Әкемізді,анамызды
Қонақтардың бәрін де!
Тамара:Міне тағы келіп тұр,
Жаңа бір жыл балалар,
Жадыратып жер үстін,
Төрімізге ол шыққан.
Диана:Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап.
Жаңа жылда келеді,
Бізге қарай жылыстап.
Әсел: Жүзімізге күлкі ойнап,
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
Ән: «Шырша жыры»
Жүргізуші:-Балалар, жаңа жыл мерекесінде ең құрметті адамдар кімдер?
-Ақ сақалды,ақ таяғы бар, қолында қапшық толы сыйлығы бар кім еді?
-Үлпілдеген ақ торғын көйлегі бар, әдемі қыз кім еді?
Балалар жауабы:
Ақшақар: (кіріп келеді).-Сәлеметсіздерме балалар!
-Мені таныдыңдарма?
-Мен ақшақармын ғой. Аяз-атаның немересімін. Мен алыстағы қар патшалығынан келдім. Онда даланы мәңгіге қар басқан. Күн суық. Біз онда Аяз-ата екеуіміз тұрамыз.Аяз-ата сендерге сәлем айтты, кешікпей өзі де келіп қалар.
Қане балалар, ол келгенше ән салып, жұмбақ шешейік:
Тоғжан:Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағынған.
Міне сұлу шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған.
Қ.Ақнұр: Тамаша,тамаша
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Зере:Кел билейік сенімен,
Деймін тартып жеңінен
Ертіп кетпе Ақшақар,
Адамдардың демімен.
Ақшақар: Рахмет балалар, тақпақты жақсы айтады екенсіңдер. Енді мен сендерге, жұмбақ жасырайын сендер шешуін айтасыңдар.
Жасыл ине киімім,
Жайлаймын тау биігін.
Жаңа жылды тойлайсаң,
Төріңдемін үйіңнің. (Шырша)
Жаздай тығылады,
Қыстай зымырайды. (Шана)
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тонады. (Қар)
-Рахмет, балалар, сендер менің жұмбағымды дұрыс шештіңдер. Атамыз кешігіп жатыр Атамызды шақырайық.
Би: «Ақшақар»
Барлық бала: Армысыз аяз ата ақ сақалым. (2рет)
Музыка ойналады: Аяз-ата кіреді.
Аяз –ата:Амансыңдар ма халқым: Жаңа-жыл құтты болсын! Ой айналайындар қандай әдемісіңдер, қандай көңілдісіңдер шыршалары қандай әдемі?
Жүргізуші:Аяз-ата, «Балдәурен» балабақша бүлдіршіндерінің «Төрлет Жаңа-жыл» атты ертеңгілігі болып жатыр.Бізбен бірге тамашалап демалыңыз.
Аяз-ата: Бәрекелді,жарайсыңдар өрендерім олай болса, тамашалайық.
Ән: «Аяз ата»
«Көңілді қыс» тақпақтары.
Мади:Бір топ бала сырғанап,
Би билейік зырлайық.
Қалды артта қар алып,
Іздерінен қар ұшып.
Айзат:Қырау атып жағаға,
Аяз беттен өбеді.
Бірі мініп шанаға,
Бірі шаңғы тебеді.
Ерасыл:Сәтке қарап тұрмайық,
Көңілді еді қыс қандай.
Шыңғыменен зырлайсың,
Қанат бітіп ұшқандай.
Би: «Замануи би»
Ән: «Шырша»
Эвелина:Келжаңа жыл біздерге,
Кел жаңа жыл,жаңа жыл!
Нұртілек:Қызыл ала шапаны,
Сағындым Аяз-атаны.
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Наргиза:Мұз болады қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.
Перизат:Аралайды бақшаны
Үзілмейді жақсы әні.
Гүлденеді бақшалар,
Жауса,жаусын Ақша қар!
Нұрдәулет:Қыс келді,қыс келді
Ақтарып ақ қарды.
Би: «Үнді»
Аяз-ата: (балаларды мақтайды)
Қызым,жаңа бір әңгіме естіп едім осы қонақтардың ішінде үлкен бір қонақ бар екен ол кім өзі?
Жүргізуші:Аяз-ата бізге келген үлкен қонақ Мезгіл батыр атамыз.Батыр атмызбен жүздескіңіз кел ме?
Ортаға Мезгіл батыр шығып, Аяз-атамен амандасады.Құшақтасып ,көріседі.Аман түгел сұрасады.
Аяз-ата:-Қарағым,Мезгіл батыр неше балаңыз ба?
Мезгіл батыр:Құдайға шүкір үш ұлім, бір қызым бар.
Әр мезгілге сай киінген төрт баласы келіп амандасады,көрісіп құшақтайды.
Бақытбек :Қыс:Біздің байтақ далада,
Асқар тауда қалада.
Биыл ғажап іс болды,
Желтоқсан,қаңтар,ақпанда.
Айзат: Көктем: Көктем болып танылған,
Көк шекпенін жамылған.
Көп жақсылық күтеміз,
Наурыз,сәуір,мамырдан.
Әмина: Жаз: Ойын сүйер баламыз,
Үш ай бойы санаңыз.
Маусым,шілде,тамызда,
Демалып бір қаламыз.
Нұрмұхаммед: Күз: Күз айлары тамаша,
Сабан тойы жараса.
Жемісін мол сыйлаған,
Қыркүйек,қазан,қараша.
Мезгіл батыр:Аяз-ата мына өнерлі, қасиетті менің балаларым,өрендерім.Өнер үйренуге дүниенің төрт тарабын аралап келген болатын.Олар сол өнерді осы «Балдәурен» балабақшасынан тапты.Мұндағы балалар шеттерінен өнерлі болып өсіп келеді.Жарайсыңдар! (батасын береді)
Би: «Жаңа жылдық қуыршақтар»
Ойын: «Аққала»
Жүргізуші:Ақ таяғын таянып,таңмен бірге оянып
Аяз ата келіпті ақ көрпеге оранып.
Көрдіңбе Аяз атаны аппақ екен шапаны,
Аппақ екен мұрты да,аппақ екен сақалы.
Дильназ:Сақалы аппақ күмістей,
Тістері аппақ күріштей.
Қызыл ала шапаны,
Сағындым аяз атаны.
С.Нұрасыл:Орала ма ол енді,
Айтар едім өлеңді,
Жылдамырақ келсе екен
Бізге ойыншық берсе екен.
Лейла:Оралды өлкеме,
Жаңа-жыл армысың!
Оралды ақ көрпеге,
Асқар тау,қарлы шың.
Би: «Жыл мезгілдері»
Ойын: «Қар лақтыру»
Жүргізуші:Аяз-ата бізге әкелген сыйлықтарыңыз қайда?
Аяз-ата:Мына сыйқырлы таяғым сыйлықты тауып береді.
Аяз-ата:-Бәрекелді, міне біздің сыйлықтар.Ал,енді тағы да біз барар балабақшалар көп еді.Сау болыңыздар!
Ақшақар:Келесі кездескенше!
Жүргізуші:Балалар, Аяз-ата мен Ақшақар басқа балабақшаға кетті. Ал Мезгіл батырдың төрт баласы Қыс, Көктем, Жас, Күз дүниенің төрт бұрышынан өнер іздеп оны біздің бақшамыздан тапты.Ал біз келген жаңа жылқы жылына өте қуаныштымыз.Жаңа жылымыз бақыт,табыс, жақсылық әкелсін.Жаңа жыл құтты болсын!
Ортаға шығып сөз сөйлеп құттықтау сөз айтатын ата-аналарға сөз береді.Балаларға сыйлық таратылады.